{metadescription}
«Үш жылда $3 млрд». «Арселор Миттал Теміртау» инвесторына қойылатын талап
«Үш жылда $3 млрд». «Арселор Миттал Теміртау» инвесторына қойылатын талап

«Үш жылда $3 млрд». «Арселор Миттал Теміртау» инвесторына қойылатын талап

Үш жылда кемі 3 млрд доллар! «Арселор Миттал Теміртауды» алмастыратын отандық инвестордың осынша қаражат салуға қауқары болуы керек. Премьер Әлихан Смайылов бүгін Мәжіліс отырысынан кейін жаңа инвесторға қойылатын талаптардың бірнешеуін атады.

Премьер-министрдің сөзінше, компанияны Үкімет меншігіне қайтарғаннан кейін оның шығынын бюджет қаражатымен өтеу ойда жоқ. Қазіргі жоспар жеке отандық инвестордың қолына беру. Және оның кәсіпорынға үш жыл бойы 3 млрд доллар құя алатындай жағдайы болуы керек. Бұл ғана емес, аталған соманың жартысына жуығын ол бірден бөлуі тиіс. «Себебі өнеркәсіп орнында еңбек қауіпсіздігі, жабдықтарды жаңарту, өндірісті ұлғайту сынды кезек күттірмейтін мәселелер бар», - деп сөзін сабақтады Үкімет басшысы.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Есте сақтауымыз керек, ол жерде 30 мыңнан астам жұмысшы бар. Сондықтан бұл ірі компанияның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуіміз керек. Кем дегенде 3 млрд долларды жақын арада, үш жылдың ішінде салуы керек. Оның кем дегенде 1,3 млрдын қазір салу керек. Бірден салу керек. Сондықтан бұл өте маңызды талап, біз тартатын инвестордың осыған мүмкіндіктері болуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде