{metadescription}
Ozyq urpaq: Оқушылар инженерия мен бағдарламалаудың негізін үйренеді
Ozyq urpaq: Оқушылар инженерия мен бағдарламалаудың негізін үйренеді

Ozyq urpaq: Оқушылар инженерия мен бағдарламалаудың негізін үйренеді

Қазақстанда 800-ге жуық оқушы инженерия мен бағдарламалаудың негізін үйренеді. Ozyq urpaq жобасы аясында Ақтау, Қостанай және Қызылорда қалаларының жеткіншектерін робототехникаға баулиды. Олардың мұғалімдерінің де кәсіби біліктілігін арттыру көзделген. Осы бағытта үш қалада жобаның тұсаукесері өтті.

Ozyq urpaq жобасы былтырдан бері жүзеге асырылып келеді. Жезқазған және Семейден басталып, 10 мектептің робототехника және информатика сыныптарының мұғалімдері оқудан өтті. Сол кезде жоба 500-ден астам оқушыны қамтыған.

Оқушыларды робототехника мен инновациялық пәндерді бейімдеуге бағытталған жобаның тұсаукесері Ақтаудағы №11 мектепте өтті. Енді Ozyq urpaq жобасы аясында оқушылар мен ұстаздар инженерия мен бағдарламалаудың негіздерін үйренбек. Жоба негізінен оқытушылардың біліктілігін арттыруға, дарынды балаларды анықтауға, дамытуға, озық білім беруге бағытталған.

Айгүл Райымқұлова, «Нұрсұлтан Назарбаев қоры» жобалау кеңсе басшысының орынбасары:

- Бұл жобаның ең басты мақсаты робототехника және инновациялық пәндерді кеңінен насихаттау. Дарынды оқушыларды анықтап, қабілетін дамыту болады. Тағы да айта кететін жайт бұл жергілікті мамандарды техника пәніне үйрету арқылы балалардың шығармашылық және иенженерлік ойқабілетін дамыту.

Жоба аясында алты ай бойы балаларға инженерия, электроника және бағдарламалау саласында сабақ берілмек. Өткізілген факультативтер үшін оқытушылар Нұрсұлтан Назарбаев Қорынан қаржыландырылады. Балаларды оқытудағы алты айда жергілікті педагогтар «Роботек» мектебімен оқу процесін үйлестіру және мониторинг жүргізеді. Жоба «Роботек» қазақстандық жетекші робототехника мектептерінің бірімен бірлесіп жүзеге асырылып отыр.

Гүлназ Қайыржанова, «Роботек» робототехника мектебі Б2С бағытының жетекшісі:

- Осы бағдарлама аясында екі апта бойы Қостанай, Қызылорда, Ақтау қаласында ұстаздарды оқытып келудеміз. Оларға тағылымдамадан өткізіп, керек ақпаратты беріп және қарашадан мамырға дейін мониторинг жүргізіп, оларға серіктес болып жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы осы білім алатын оқушылардың сыныбы 27-ге дейін. Осы бағдарлама 2-7 сыныптағы оқушыларды қамтиды. Сонымен қатар ұстаздар үшін де жақсы мүмкіндік. Осы қалаларда оқитын оқушылардың жасы шамамен 8-ден аса 3-5 сыныптарға арналған бағдарлама болып табылады.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, 2024 жылдың сәуір, мамыр айларында үш қалада жобаға қатысушы мектептер арасында робототехникадан турнирлер ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жобаға қатысатын педагогтар «Robotek.pro» онлайн платформасына тегін жазыла алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде