{metadescription}
Министрлік өкілі Жамбыл облысында нан қымбаттағанынан бейхабар
Министрлік өкілі Жамбыл облысында нан қымбаттағанынан бейхабар

Министрлік өкілі Жамбыл облысында нан қымбаттағанынан бейхабар

«Естімедім». Сауда және интеграция министрлігінің өкілі Жамбыл облысында нанның бірден 20 теңгеге қымбаттап кеткенінен бейхабар екенін мойындады.

Айдар Әбілдабеков, ҚР СИМ Сауда комитетінің төрағасы:

- Ондай ақпаратым жоқ. Көрейік, сұрастырып. Естімедім. Кеше ғана статистиканы алдық қой. Зерттеу бізде аптаның екінші күні болады. Сөйтіп, сәрсенбі күні кешке таман, болмаса, бүгін таңертен, бейсенбі күні ақпаратты, статистиканы береді.

Күні кеше Таразда нан бағасы бірден 20 теңгеге қымбаттап, тұрғындардың наразылығын тудырған. Дегенмен, жергілікті билік бұл мәселені көп ұзатпай ың-шыңсыз шешіп үлгерді. Әкімдік дереу арада бағаның негізсіз өскенін анықтап, кәсіпкерлермен бағаны 100 теңге көлемінде ұстап тұруға уағдаласқан.

Қазір еліміздің әр өңірінде нан бағасы әртүрлі. Астанадағы дүкендерде ұн өнімдері 120-дан 180 теңгеге дейін барады. Десе де салаға жауапты министр Арман Шаққалиев бір бөлке нан 95 теңгеден саудаланып жатыр деп, бет бақтырмай отыр. Дегенмен жиналыстан соң, елордадағы сауда орындарына барып нан бағасын бірге барлап қайту туралы ұсынысқа министрлік өкілдерінің жүрегі дауалаған жоқ.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Кірпіш нан бар ғой, 95-100 теңге тұрады. Кірпіш нан деген бірінші сұрыптан пісірілген, әлеуметтік тауарлар тізіміне кіреді. 95 теңге тұрады. Ондай баға бар. Мен сізге нақты ақпарат беремін. Қандай қалада, қандай дүкенде екені туралы осыған дейін ақпарат бердім. Тағы да сізге жазбаша бере аламын. Кешірім сұраймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.