{metadescription}
Киіктің еті мен мүйізін сату үшін халықаралық ұйымдарға өтініш беріледі
Киіктің еті мен мүйізін сату үшін халықаралық ұйымдарға өтініш беріледі

Киіктің еті мен мүйізін сату үшін халықаралық ұйымдарға өтініш беріледі

Қазақстан киіктің етін шетелге сатуды жоспарлауда. Экология министрлігі ақбөкендердің еті мен мүйізін саудалау үшін халықаралық ұйымдарға өтініш бермекші.

ҚР Экология министрлігі:

- Қазір халықаралық нарықта киікті, оның ішінде мүйізін коммерциялық мақсатта пайдалануға нөлдік квота бар. Халықаралық сарапшылардың ұсынысымен министрлік киіктерді республикадан тыс жерлерге сату үшін квота алуға қажет құжаттарды дайындап, CITES хатшылығының қарауына ұсынады.

Министрлік құжаттарды әзірлеуді әлі бастамаған. CITES ұйымысессиясының отырысы тек 2025 жылы өтеді. Ал оған дейін атылған ақбөкендердің мүйіздерін сақтау «Охотзоопром» мекемесіне жүктелмек.

Сауда министрлігі киік етін экспорттауды әзір жоспарлап отырмағанын айтады. Тек ауыл шаруашылығы министрлігінен ғана ақбөкен етінен консерві жасауға қатысты ұсыныс келіп түскен. Ал экспорттау мәселесі шет мемлекеттердің сұранысына байланысты болып отыр. «Сұраныс болған жағдайда сауда жағын ұйымдастыруға дайынбыз» - деді Арман Шаққалиев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде