Дүкенде манекенге ескі күртесін іліп, құндыз жағалысын алып кеткен
Жылы күртешеге бола жауапқа тартылмақ. Ақтөбеде құндыз жағалы сырт киім ұрлаған күдікті ұсталды. Пысықай азамат сауда үйінің алдындағы манекенге ескі күртешесін кигізіп, жаңасын жымын білдірмей алып кеткен.
Автор: Жаңалық Ахаш
02.11.2023
35 жастағы тұрғын қаланың қақ ортасындағы сауда үйлерінің біріне күндіз келген. Дәлізде тұрған манекендерді бір шолып, құндыз күртешені шешіп алады. Тіпті жансыз қуыршақтың үстіне өзінің ескі киімін кигізіп кеткен. Ең қызығы, дүкеншілер күртешенің ұрланғанын білмеген. Тек бейнебақылау камерасын көріп отырғанда ғана байқапты. Осыдан кейін полицияға арызданып, 60 мың теңгенің сырт киімін үптеп кеткен күдіктіні ұстаған. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- Ер адам манекеннен күртені шешіп, орнына өзінің ескісін кигізіп кеткен. Ұрлық сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазба арқылы күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергептексеру басталды. Ақтөбе аумағында осындай қылмыстарға оның қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!