{metadescription}
RAF-2023: Жарнама, маркетинг, digital-коммуникация тақырыбына болжамдар жасалды
RAF-2023: Жарнама, маркетинг, digital-коммуникация тақырыбына болжамдар жасалды

RAF-2023: Жарнама, маркетинг, digital-коммуникация тақырыбына болжамдар жасалды

Елімізде жарнама нарығы 12 пайызға өскен. Бұл бір жылдық көрсеткіш. Осындай статистиканы ұсынған медиа майталмандары RAF-2023 өңірлік форумында бас қосты. Тәжірибелерін ортаға салған отандық және шетелдік мамандар жарнама саласының қазіргі аяқ алысын, маркетинг және digital-коммуникация тақырыбын талқылап, болжамдарын жасады.

Жарнама нарығының өсуі экономиканың да дамуына септігін тигізеді. Осылай деген маркетолог мамандар бүгінде оған деген сұраныстың күн сайын артып жатқанын жасырмайды. Тіпті жаңа тауарды тұтынушыға жеткізу тәсілдері де қазір түрленген. Алайда отандық сапалы да қызықты жарнаманы жасап шығару әлі де ақсап тұр екен.

Нұрмұхамед Ибраев, жарнама агенттігінің директоры:

- Қазақ тілінде локализацияға, нотивті жарнамаға сұраныс өте көп. Бірақ ол салада жұмыс істейтін, тілді жетік білетін, жарнама саласын жетік білетін мман өте аз. Жергілікті түсірілген жарнаманың, контенттің көрілуі және оның тиімділігі өте жоғары. Сол себептен біз барлық брендті, жергілікті жарнама жасау, жергілікті контент жасауға итермелейміз.

RAF-2023 форумының биылғы тақырыбы – интеграция стратегиясы. Жарнама нарығының жілігін шағып, майын ішкен кәсіби мамандар телевизиядағы жарнама үлесінің әлі де азаймағанын айтып отыр. Сол себепті қазір көрерменді жоғалтпай, сапалы өнімнің санын көбейту аса маңызды дейді.

Ильмурад Жұмаев, VI Kazakhstan компаниясының бас директоры:

- Теледидар әлі күнге дейін адамзат өмірінде маңызды рөл атқарады. Сол себепті телеарнаға жарнама беру және көрсету тиімсіз деу үлкен қателік. Ірі компаниялардың көбі жаңа медиа қарыштап дамығанына қарамастан әлі күнге дейін телеарнаны таңдап жатады. Өйткені телеарна тек сүзгіден өткен ақпаратты ғана көрерменге ұсынады. Ал оны көретін аудитория өте ауқымды.

Осылайша сандық жүйедегі жарнама беру кез келген медианың рейтингіне тікелей байланысты. Сарапшылар бұл істе тек ізденіс қана табысқа жетелейді деген пікірде. Сондықтан дәстүрлі БАҚ бәсекеге қабілетті болу үшін жаңа технологияны ұтымды пайдалану қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде