{metadescription}
«Kaspi Жұма» – бүкіл халықтың сауда-саттық мерекесіне айналды
«Kaspi Жұма» – бүкіл халықтың сауда-саттық мерекесіне айналды

«Kaspi Жұма» – бүкіл халықтың сауда-саттық мерекесіне айналды

Күз әлі де жылы күндерімен қуантуда. Бірақ қазақстандықтар қазірдің өзінде қысқа дайындалып, жаңа маусымға тауар сатып алуды жоспарлап қойған. Көпшілік қарашаның 3-5 күндері өтетін бүкілхалықтық сауда-саттық мерекесі – «Kaspi Жұманы» асыға күтіп отыр. Мерекеге дайындық қалай жүріп жатыр?

«Kaspi Жұма» Қазақстанда осымен тоғызыншы рет өтеді. Күзде қазақстандықтар дәстүрлі түрде қысқы дөңгелек, жылы киім, үйге қажетті жылу құралдарын, қысқы спорт тауарларын сатып алады. Осы және басқа да сұранысқа ие тауарлардың барлығын еліміздегі танымал дүкендерден және Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен үйге немесе Kaspi Postomat-қа тегін әрі ыңғайлы жеткізу арқылы тиімді сатып алуына болады.

Бүкіл Қазақстан аумағындағы компаниялар, әсіресе шағын орта бизнес өкілдері мерекеге алдын ала дайындалуда. «Kaspi Жұма» кезінде қазақстандық кәсіпкерлердің сауда көлемі бірнеше есеге өседі.

Константин Смоляков, Sulpak компаниясы, бірінші Алматы аймағының директоры

- «Сулпак» және Kaspi қазақстандық бренд, компаниялар. Біз клиенттерімізге, ең алдымен, қазақстандықтарға дүкендеріміздегі техниканың кең түрі мен соңғы жаңалықтарын тиімді шартпен ұсынуға қуаныштымыз. «Сулпак» компаниясы 6 жыл қатарынан «Каспи Жұмаға» қатысып келеді. Бұл шынымен де республикалық ауқымдағы  орасан зор оқиға.

Әсел Әділ, Adili брендінің негізін қалаушы:

- Біз қазақстандық брендпіз, 13 жылдан асты, Алматы облысында жеке өндірісіміз бар. Жеке дизайнерлік командамыз, сонымен қатар бес дүкеннен тұратын жеке сауда желіміз бар. Командамызда 80нен астам адам жұмыс істейді. «Kaspi Жұма» кезінде сатып алушылар көп келеді, «Kaspi Жұмаға» қатысасыздар ма деп сұрайды.

Касымжан Алтынай, Adili бренді цехының қаттаушысы:

- Бұл біздің күзгі топтамамыз «Кесте». Тоқымадан жасалған. Біз бұны арнайы тігіп жатырмыз.

Назгүл Нұрсейіт, Adili бренді цехының бригадирі:

- Қазір қазақи нақыштағы көрпеше дайындап жатырмыз. Біздің қыскүз айларына арналған топтамаларымыз және бәрін «Kaspi Жұмаға» арнап тігіп жатырмыз.

Жеткізу қызметінің де жұмысы көбейеді. Тапсырысты сатып алушының үйіне немесе жақын маңдағы Kaspi Postamat-қа жеткізеді. Kaspi Postamat-тар бүкіл ел аумағына орнатылған және курьерді күтпестен, сатып алған затты ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.

Әлішер Нұрдәулет, Zammler компаниясының қызметкері:

- Қазақстан бойынша Zammler Қазақстан компаниясы  алты қалада ұсынылған. Алматы қаласында біздің 13 қабылдау пунктіміз және 2 хабымыз бар. Қазақстан бойынша 24ке жуық филиалымыз бар. «Kaspi Жұма» уақытында қосымша қызметкерлер тарамыз. Себебі «Kaspi Жұма» кезінде тапсырыс саныекі-үш есе артады. «Kaspi Жұма» серіктестеріміздің бизнесін дамытуға үлкен серпін береді.

«Kaspi Жұма» бүкілхалықтық сатып алу мерекесі. Еліміздегі маңызды оқиғаға айналды. Тұрмысымызға қажет заттарды тиімді сатып аламыз. Ал қазақстандық кәсіпкерлер сату көлемін арттырып, дамытуда жаңа жұмыс орындарын ашып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде