{metadescription}
«Түркі әлемінің келешегі 2040» құжаты бекітіліп, 12 келісімге қол қойылды
«Түркі әлемінің келешегі 2040» құжаты бекітіліп, 12 келісімге қол қойылды

«Түркі әлемінің келешегі 2040» құжаты бекітіліп, 12 келісімге қол қойылды

Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалық етуіне ресми түрде кірісті. Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының X мерейтой саммиті өтті. Басқосуға ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары қатысты. «Түркі әлемінің келешегі 2040» құжаты бекітіліп, 12 келісімге қол қойылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жиында Палестина халқына $1 млн көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешімін жариялады.

Ақордада апта басынан бері мейман аяғы үзілген жоқ. Сол жағалауда бүгін де қызу қарбалас. Премьер-министр Әлихан Смайылов кеше кештен бері халықаралық әуежайда тура мағынада түнеді десе де болады. Үкімет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының X мерейтой саммитіне алыс-жақыннан келген меймандарды бірінен соң бірін күтіп алды.

Ақорданың ішкі сәні мен салтанаты бүгін әдеттегідей қатып қалған тым ресмиліктен ада. Бес қаруын асынған ұлттық киімдегі қазақ жігіттерінің меймандарды кеудесіне қолын қойып, дәстүрімізге сай қарсы алғаны түркі деп айдар таққан басқосудың шырайын келтіргендей. Түбі бір, діні бір, мәдениеті мен салт-санасы үндес бауырлас мемлекеттердің басшылары бір-бірімен қол алысып, ыстық ілтипатпен қауышты.

Қасым-Жомарт Тоқаев жиынның алғысөзін «Түркі халықтарының қасиетті қара шаңырағы Қазақстанға қош келдіңіздер!» деп бастады. Артынша Режеп Тайып Ердоған мырзаға және барша түрік ағайындарды Түркияның 100 жылдық мерейтойымен, сондай-ақ Ильхам Әлиев пен Әзірбайжан халқын ел іргесін бекемдеуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Түркі ықпалдастығын тереңдету ортақ мұрат. Біз түркі әлемі атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек. Сонда ғана түркі халықтарының ынтымағы барынша нығайып, әлеуеті арта түседі. Қазақстан ұйымға төраға ретінде өзара ісқимылды жандандыруға баса мән беріп отыр. Сондай-ақ біз түрлі саладағы байланысты дамытуға, халықаралық беделімізді арттыруға күш саламыз.

Жиында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен осы жылы ұйымға төрағалық еткен Өзбекстан президентіне сөз берді. Шавкат Мирзиёев Израиль-Палестина қақтығысы бойынша ұйымның ортақ ұстанымын жариялауымыз керек деген пайымын айтты.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан президенті:

- Таяу Шығыстағы ПалестинаИзраиль қақтығысы бәрімізді қатты алаңдатып отыр. Ол жақта бейбіт тұрғандар арасында қаза болғандар мен жарақат алғандар күрт өсті. Әсіресе балалар, әйелдер мен егде жастағы адамдар көп. Осы орайда екі тарапты шұғыл әскери қимылды тоқтатуға шақырамыз. Гуманитарлық мақсатта бітімге келу керек. Біз Ұйым шеңберінде әлемге осы мәселе бойынша бірауыздан келісілген түбегейлі ұстанымымызды жариялауымыз қажет.

Бүгін X мерейтойын атап өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының тарихы 2009 жылдан басталған. Әзірбайжанның Нахчвыван қаласында түркі елдерінің VII самитінде Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия мен Қырғызстан «Түркі кеңесі» халықаралық ұйымын құруға уағдаласқан. Ал 2021 жылғы Анкарадағы саммитте Түркі кеңесінің атауы «Түркі мемлекеттерінің ұйымы» болып өзгертілді. Бұл ұйымға бүгінде бес мемлекет мүше: Түркия, Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан. Осы мемлекеттерде тұратын халықтың жалпы саны 150 миллион адамнан асып отыр. Түркия президенті елдер арасындағы байланысты ортақ әліпби енгізу арқылы бекемдеу керек деп есептейді.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Біз тілімізге, мәдениетімізге және тарихымызға негізделген адами қарымқатынастарымызды арттыру үшін жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша күш-жігерімізді жалғастырамыз. Әрине, біздің бірлігімізді нығайту үшін тіл өте маңызды. Бірыңғай әліпби де маңызды компонент болып табылады және мұнда президенттердің қолдауы маңызды. Жоғары білім кеңесі ұйымымыздың хатшылығына ұсынған ұсынысты біздің ұйым қарайтынына сенімдімін.

Саммитте Ильхам Әлиев Қарабақ инфрақұрылымын қалпына келтіруге үлес қосып жатқан бауырлас мемлекеттерге өз алғысын жеткізді.

Ал Өзбекстан Физули қаласына мектеп салып беретінін мәлімдеген еді. Қазақстан Физули қаласында Құрманғазы атындағы шығармашылық даму орталығын тарту етпекші. Жаңа нысан 2023 жылдың желтоқсанында пайдалануға беріледі.

Илхам Әлиев, Әзірбайжан президенті:

- Мен Қазақстан президенті ҚасымЖомарт Тоқаевқа рақмет айтқым келеді. Және алдағы уақыттағы Төрағалықта сәттілік тілеймін. Түркі мемлекеттерінің бірлігін нығайту Әзірбайжанның негізгі басымдықтарының бірі. Сондайақ президент мырзаға креативті орталық үшін алғыс айтамын. Оны Қазақстан бізге сыйға тартты. Қазір орталық Физули қаласында салынып жатыр. Бұның барлығы біздің достығымыз бен бауырластығымыздың айқын көрінісі.

Ұйымның төрағалығы Ташкенттен кейін Астанаға өтті. Жиында «Түркі әлемінің келешегі 2040» құжаты бекітіліп, 12 келісімге қол қойылды.

Президент түркі бірлігін таныту үшін біздің төрағалығымыз "Түркі дәуірі!» ұранымен өтетінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттерінің қатар дамуы өте маңызды деп санайды. Осы орайда Қазақстаннан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешімін жариялады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.