{metadescription}
Астанада қызылша өршіп барады. Иммунизация 6 қарашада басталады
Астанада қызылша өршіп барады. Иммунизация 6 қарашада басталады

Астанада қызылша өршіп барады. Иммунизация 6 қарашада басталады

Астанада қызылша ауруы өршіп барады. Бас мемлекеттік санитария қызметінің мәліметінше, елорда балабақшаларында 93 бала аталмыш вирусты жұқтырған.

Бүлдіршіндердің 88-і екпе алмаған. Мектептерде 41 оқушыдан қызылша табылған. Студенттер арасында қызылша таралып жатыр. Соңғы рет Астанада вирустық ауру 2019 жылы белең алған болатын. Ал биыл ең алғашқысы наурыз айында тіркеліп, 1 қарашадағы көрсеткішке сәйкес, қызылша ауруы 511 адамнан расталды.

Мамандардың айтуынша, қызылша індетіне шалдыққандардың дені ауруға қарсы екпе алмаған. Сондықтан дәрігерлер күз-қыс кезеңінде қауіпті індеттен қорғану үшін екпе алуға шақырады. Астанада қызылшаға қарсы қосымша иммунизация науқаны 6 қарашада басталады.

Сархат Бейсенова, Астана бас мемлекеттік санитар дәрігері:

- Құрметті атааналар! Иммунизациядан өту балаңызға өте маңызды! Балаңызды ексеңіз, қызылшадан қорғай аласыз. Профилактикалық екпеден бас тарта отырып, балаңыздың денсаулығына қауіп төндіресіз. Есіңізде болсын, пневмония, энцефалит сияқты асқынуларға вакцина алмаған әр бала шалдығуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде