{metadescription}
Өскемендегі Үлбі көпірінің тіреуішін су шайып кетті
Өскемендегі Үлбі көпірінің тіреуішін су шайып кетті

Өскемендегі Үлбі көпірінің тіреуішін су шайып кетті

Өскемендегі Үлбі өзеніне салынған көпірдің тіреуін су шайып кетті. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін өзеннің екі бетіне бекет орнатылып, көліктердің жүріп-тұруына шектеу қойылды.

Үш күн бойы  шелектеп жауған жаңбыр Үлбі өзеніндегі су деңгейін лезде көтеріп жіберген. Ал жетпіс жыл бұрын салынған ескі көпірдің бағаналары қатты ағысқа шыдамай опырылып түсті. Сондықтан Кіші айналма бойындағы көпір үстімен жүріп-тұруға шектеу қойылған. Қазір мамандар арнайы сараптама тағайындап, көпірдің беріктігін тексеріп жатыр.

Әлібек Тұрсымбетов, Өскемен ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Қазіргі кезде арнайы көпір мамандарымен талдау жүргізіліп жатыр. Бірнеше күнде шешімі белгілі болады. Жұмыстың төлем қаражаты және қай уақытта ары қарай көлік қозғалысы жұмысқа келетіні анықталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.