{metadescription}
Ақтөбе облысы: Қалдаяқов ауылының тұрғындары мұнай барлау жұмысына қарсы
Ақтөбе облысы: Қалдаяқов ауылының тұрғындары мұнай барлау жұмысына қарсы

Ақтөбе облысы: Қалдаяқов ауылының тұрғындары мұнай барлау жұмысына қарсы

Ақтөбе облысындағы Шәмші Қалдаяқов ауылының тұрғындары мұнай барлау жұмысының жүргізілуіне қарсы. Қара алтын іздегендердің кесірінен айналамыз ластанып, мал-жанға қауіп төнеді деп қорқады. Қоғамдық тыңдауға қатысқандар елдімекенге ешқандай мұнай компаниясын жолатпаймыз деп бекініп отыр. Осы ауыл маңынан мұнай алғаш рет осыдан 40 жыл бұрын табылған.

Шәмші Қалдаяқов ауылы Ақтөбеден қырық бес шақырым жерде орналасқан. Екі мың тұрғыны бар елдімекен маңынан мұнай бұрғылау жоспарда бар. Бірақ бұған ауыл халқы қарсы.

Осыдан қырық жылдай бұрын бұл жерде геологиялық барлау жүргізіліпті. Қара алтынның көзін де тапқан. Бірақ мамандар мұнай өндіруге әлі ерте деп тоқтатып қойған. Енді жоба бойынша екі жерге үш мың және бес мың тереңдікке дейін бұрғылап, тағы да қара алтынның піскен-піспегенін анықтамақшы. Алдымен қыста сейсмологиялық барлау жүргізу де қарастырылған.

Бақыт Айдосов, Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары:

- Халық қарсы болғасын, келісім ала алмай отыр. Түсінемін, зерттеу жұмыстарына бір келісім алады. Одан кейін одан зерттеу жұмыстары оң қортынды беріп, қазатын жағдайда да оған да қоғамдық тыңдау өткізеді. Бұл жерде бұрғылаудан бұрын зерттеу жұмыстарына қарсы.

Жоба бойынша бұрғылау жүргізілетін аумақ жекенің меншігінде. Оны мал жайылымы үшін қолданып отыр. Шаруалар мұнай бұрғылар болса, айнала ластанып, мал-жанға қауіп төнеді дейді.

Жобаға жауапты мекемеге энергетика министрлігі рұқсат берген. Бірақ мұнайды барлау жұмысының басталуы тұрғындар шешіміне қатысты болмақшы. Алғашқы қоғамдық тыңдауда Қалдаяқов тұрғындары бұл ұсынысты құптамады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.