{metadescription}
Семейде асфальты төселмеген бүтін бір ықшамаудан батпаққа көмілген
Семейде асфальты төселмеген бүтін бір ықшамаудан батпаққа көмілген

Семейде асфальты төселмеген бүтін бір ықшамаудан батпаққа көмілген

Семейде бүтін бір ықшамаудан тұрғындары батпаққа батып отыр. Себебі көшені жасаймыз деген желеумен жазда жолды талқандап тастап, орнына жаңа асфальт сол күйі төселмеген. Соның салдарынан мұндағы халық белшеден балшық кешіп жүр.

Өйткені көшеде көлік түгілі, жаяу адам жүре алмайды. Ал қоғамдық көлік бұл маңды алыстан айналып өтетін болған. Мектеп оқушылары мен қалаға қатынап жұмыс істейтіндер толарсақтан саз кешіп жүр.

Сегіз ай бұрын «жаңа асфальт төсейміз» деген желумен қопарылған жол әлі жөнделмеген. №18 қосалқы станция ықшамаудан тұрғындары белуардан батпақ кешіп жүр. Олар істі сиырқұйымшақтандырып жіберген жергілікті әкім-қараларға өкпесі қара қазандай.

Елдімекенде мектеп болмағандықтан, балалар қалаға қатынап оқиды. Жолдың жоқтығынан қоғамдық көлік те бұл аумақты айналып өтетін болған. Тұрғындар қалаға қатынаудан қалдық дейді. Себебі, айналма жол ми батпақ болғандықтан, көлік жүруі қиындаған.

Саят Оразханұлы:

- Жол деген көктемде, сәуір айында басталған. Айналдырған бір жарым шақырым жерде әлі жүр. Міне. Бұл сұмдық қой! Қыс келе жатыр. Қалай болады, білмейміз.

Балшыққа батқан жұрт күре жолға жаяу жету үшін аяғынан резеңке етігін шешпейді. Тіпті осы мәселені айтып қақпаған есігіміз, жазбаған жеріміз қалмады дейді. Бірақ жанйқайын еститін тірі жан табылмапты.

Мәклимә Қараханова:

- Сексен алтыдамын. Осыдан шығып, сонау жолға дейін жаяу барамын. Ешқандай көмек жоқ. Ауыл екен деп қарамайды. Келіп, бәрін қарамай ма? Суың бар ма, отының бар ма, деп. Жоқ олай емес. Әкімдік өз қалтасын ғана ойлайды.

Алайда атқамінерлер жұрттың батпақ кешіп жүргенінен хабарсыз болып шықты. Өйткені ықшамауданның тозығы жеткен жолындағы асфальтті жаңарту жоспарда болмаған. Олардың мәлімдеуінше, елдімекенде орналасқан компания өз қаражатына жолды жөндемек болып қопарып тастаған.

Әділбек Увасилов, Семей жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары:

- Бұл жолды «КЕГОК» АҚы жол жөңдеу жұмысына өздері тендер өткізген. Мердігер арқылы 18-ші қосалқы станциядан бастап, Семей - Қайнар автожолына дейін асфальт салуды  жүргізіп жатыр екен. Бұл жұмыс әкімдікпен келісілмеген. Сондықтан біз әкімшілік шара қолданбақшымыз.

Жол жабындысын қопарып тастағандар екі күннің ішінде оны қайта қалпына келтіруге міндеттелді. Ал негізгі күре жолға бір-екі аптаның ішінде асфальт төселеді дейді жауаптылар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде