{metadescription}
 Ақтөбеде 25 миллионның зергер бұйымын тонаған әккі ұрылар ұсталды
 Ақтөбеде 25 миллионның зергер бұйымын тонаған әккі ұрылар ұсталды

Ақтөбеде 25 миллионның зергер бұйымын тонаған әккі ұрылар ұсталды

Ақтөбеде алтын бұйымдарын ұрлаумен айналысқан қарақшылық топ ұсталды. Бұрын да істі болған әккі ұрылар бұл жолы 25 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын тонап кеткен.

Үш адамнан құралған топ қаладағы ірі сауда орталығындағы зергерлік салонды нысанаға алады. Кеш қарайғанда сонда жасырынып кіріп, бір-біріне ватсап желісі арқылы жол сілтеп отырған. Арасындағы 25 жастағы жігіт медициналық бетперде киіп, дүкендегі әшекей бұйымдардан бастап, сейфтегі сырға-сақиналарды да үптеп кеткен. Күмісті менсінбей, тек алтынды ғана алыпты. Келтірген шығын көлемі 25 миллион теңгеден асады. Із жасыру үшін үшеуі Орал қаласында бой тасалап жүріпті.

Мұрат Ауғалиев, Ақтөбе облысы ПД басқармасының бастығы:

- Олар орталықтың ішінде бірбірімен мессенджер арқылы байланысып отырған және осы қылмысты жасағаннан кейін БҚО Орал қаласына бой тасалаған. Күдіктілер бұрын сотталған облыс тұрғындары екені анықталып, 2 қарашада криминалдық полиция қызметкерлерімен Орал қаласында ұсталды. Ұрланған алтындар тәркіленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде