{metadescription}
«Журналистер келеді»! Өскеменде жарты жыл жанбаған шамдарға жан бітті
«Журналистер келеді»! Өскеменде жарты жыл жанбаған шамдарға жан бітті

«Журналистер келеді»! Өскеменде жарты жыл жанбаған шамдарға жан бітті

Журналистер келеді деп жарқыратып қойған. Өскеменде тас қараңғы көшеге түсіру тобы келеді дегенді естіген шенеуніктер, жарты жыл жанбаған шамдарға жан бітірді.

Антонина Пашкевич:

- Мәссаған, көшеде жарық жанды! Жарты жыл болмаған. Олар бұқара ақпарат құралдары өкілдерінен қорқады. Тілшілерге хабарласамыз десек, болды, бәрін жасап қояды.

Тұрғындардың айтуынша, Көкшетау көшесіндегі шамдар жарты жылдан бері жанбаған. Түнде жүруден қорыққан тұрғындардың шыдамы таусылып, тілшілерді шақыртқан болатын. Мұны естіген шенеуніктер журналистер жеткенше айналаны жарқыратып тастапты. Бірақ мамандар бұл әрекетін қаладағы электр желілері мен шамдардың жаңартылып жатқанымен түсіндірді. Өскемендегі көшелерге 33 мың жарық шамы орнатылған. Оның тең жартысы әкімдіктің қарауында екен.

Ержан Ибраев, Өскемен ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Өскеменде көше уақытында жаңбай қалатын кезі болады. Жаңарту жұмыстарын мерзімінде аяқтауға жаңбырлы ауа райы кедергі келтіріп тұр. Жалпы биыл 19 учаскені жарықтандыру жоспарланған. Қазір оның он алтысында жұмыс аяқталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.