{metadescription}
«АрселорМиттал Теміртау» бизнес серіктестерге мәлімдеме жасады
«АрселорМиттал Теміртау» бизнес серіктестерге мәлімдеме жасады

«АрселорМиттал Теміртау» бизнес серіктестерге мәлімдеме жасады

«АрселорМиттал Теміртаумен» байланысты барлық міндеттеме орындалады. Өнеркәсіп министрлігі мен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы бизнес серіктестерге қарата мәлімдеме жасады.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен ArcelorMittal Temirtau мәлімдемесі:

ArcelorMittal Temirtauдың барлық мүдделі тараптарына, әсіресе оның клиенттеріне, мердігерлеріне, тасымалдаушыларының назарына. «АрселорМиттал Теміртаумен» байланысты (Теміртаудағы Болат зауытын, көмір бөлімшесін, еншілес кәсіпорындарды, соның ішінде Ақтаудағы құбыр зауытын және ТМД елдеріндегі өкілдіктерді қоса алғанда) барлық құқықтар мен міндеттемелер орындалады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ArcelorMittal Temirtauдың барлық құқығы мен міндеттемелерін, соның ішінде клиенттермен жеткізу келісімдері, мердігерлердің қызметтерін қоса алғанда, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер сақталады.

Тапсырыстарды брондау, келісімшарт жасау, жөнелту, есеп айырысуды қоса алғанда, "Арселор Миттал Теміртаудың" бизнес-келісімдері әдеттегідей жұмыс істеуін жалғастырады деп, мәлімдемеде қоса атап өткен.

Айта кетейік, 46 адамның қазасынан кейін президент «AрселорМиттал Теміртауға» ел тарихындағы ең нашар компания деп бағалаған еді. Артынша, Үкіметке «AрселорМиттал» компаниясымен мемлекеттік келісімшартты бұзуды тапсырды. Үкімет қазір «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын мемлекет меншігіне қайтару туралы келісімді аяқтауға жақын. Компания жұмысына алдағы уақытта отандық инвесторлар тартылатыны туралы айтқан премьер Әлихан Смайылов, оған қойылатын негізгі талаптардың бірнешеуін атаған. Оның негізгісі кәсіпорынға 3 млрд доллар және 1 млрд 300 миллионын дәл қазір құю.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде