{metadescription}
Тышқан улаймыз деп, ит-мысықты қырып алған
Тышқан улаймыз деп, ит-мысықты қырып алған

Тышқан улаймыз деп, ит-мысықты қырып алған

«Тышқан улаймыз» деп, ит-мысықты қырып алған. Алматыдағы элиталы тұрғын үй кешенінің жұрты осылай деп шу шығарды. Үй жануарларының өліміне олар кеміргіштерге қарсы санитарлық тазартуды ескертпестен жүргізген компанияны кінәләп отыр. 

Кристина Шишкина:

Қарашаның 3-не қараған түні үй жануарларымыз өле бастады. Соңғысы өткен сенбіде өлді. Бізде дәрігерлердің иттер «уланды» деген қорытындысы бар. Біздің болжамымызша, тұрғын үй кешенінің аумағында қандайда бір санитарлық тазарту болған. Өйткені өлген жануарлардың ешқайсысы ауладан сыртқа шықпаған.

Жұрттың айтуынша, кеміргіштерді улау жұмысы өткен аптада элиталы тұрғын үй кешенінде жүргізілген. Алайда компания ел-жұртқа құлаққағыс қылмады деп отыр. Үй жануарлары арам қата бастағаннан кейін ғана хабарлама жіберіпті-міс. Осылайша, айналдырған екі-үш күннің ішінде бес ит пен бір мысық өліпті. Иелері бүгін полиция басқармасының алдына жиналып шу шығарды. Тәртіп сақшылары тергеу жүріп жатқанын жеткізді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

Алматы ПД аталған дерек бойынша Алмалы ПБ ҚР ҚК-нің 316-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды. Жануарлардың өлу себебін және іс бойынша басқа да мән-жайды анықтау мақсатында кешенді тергеу жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде