{metadescription}
Umai Gaming:Түркі мәдениетіне негізделген бейнеойынның тұсауы кесілді
Umai Gaming:Түркі мәдениетіне негізделген бейнеойынның тұсауы кесілді

Umai Gaming:Түркі мәдениетіне негізделген бейнеойынның тұсауы кесілді

Алматыда түркі халықтарының мәдениетіне негізделген жаңа бейнеойынның тұсауы кесілді. Басты кейіпкер – қазақ қызы. Ойындағы оның басты мақсаты – зұлымның қолына түскен бауырын құтқару. Оқиға 15 ғасырды баяндайды. 2D пиксель жобада стратегия элементтері мен қызықты оқиғалар көп.

Авторлар жоба бойынша жұмысты өткен жылы қолға алыпты. Сюжет, кейіпкер, оқиға орны мен дыбыстар арқылы ертедегі қазақ ауыз әдебиетінің ерекшеліктерін көрсеткісі келген екен. Ойын кейіпкерлері - әңгіме мен аңыздардан алынған.

Студенттердің жобасы екі халықаралық шарада ұсынылды. ЖасSTAR Grants Program шығармашылық жобалар байқауында Нұрсұлтан Назарбаев Қорынан екі миллион теңге көлемінде қаржылай көмек алған. Қазір ұйымдастырушылар ойынның демо-нұсқасын дайындап қойды. Келесі жылы платформада іске қосуды жоспарлап отыр.

Аида Қуат, Umai Gaming тобының әзірлеушісі:

Біз көп ойын білеміз. Грек, славян мифологиясы жайлы. Бірақ қазақ мифологиясы жайлы дым да білмейміз. Мысалы жезтырнақ, албасты, мыстан кемпір дегендерді көп адам біле бермейді. Сондықтан оны популизация арқылы танымал қылмақшымыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде