Қазақстаннның 76 азаматы Газа секторынан шыға алмай отыр
Газа секторынан 76 Қазақстан азаматы шыға алмай жатыр. Сыртқы істер министрлігі қазір шекаралас жатқан Рафах бақылау-өткізу бекетінен отандастарды эвакуациялау бойынша Мысыр билігімен келіссөздер жүргізіп жатыр.
Автор: Мерей Қалиасқар
06.11.2023
1 қарашада Мысыр аумағындағы өткізу бекеті арқылы шетелдік және қос азаматтығы бар палестиналықтарды қақтығыс аймағынан шығару басталған. Алайда үміт отын жаққан бұл мүмкіндік бәріне бірдей берілмеді әрі ұзаққа да созылмады. Жанрын шүберекке түйген шетел азаматтары мен басы қауіпке төнген жаралыларды эвакуациялау 4 қарашада уақытша тоқтатылыпты. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі шетелдіктердің, әсіресе олардың отбасы мүшелерін шығаруға байланысты Мысыр мен Израильдің арнайы талаптары барын атап өтті. Оған сәйкес, отбасының үштен бір бөлігі эвакуациялау тәртібіне сәйкес келмейді екен: кәмелетке толған балалар, ерлі-зайыптылар, немерелері мен балалардың жұбайлары.
Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:
- Газа секторында біздің деректеріміз бойынша Қазақстанның 76 азаматы бар. Отбасы мүшелерімен бірге санағанда олардың саны – 161 адам. Кейбір азаматтарымыз отбасы мүшелерін алып кетуге мүмкіндігі болмай, Газа секторынан кетуге дайын емес Қазақстан азаматтарын эвакуациялауды мүмкіндігінше тезірек жасау үшін барлық күшжігерімізді салып жатырмыз. Дегенмен көп нәрсе бізге байланысты емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!