Костенко шахтасында қаза болған 46-шы кеншінің денесі жер бетіне шығарылды
Костенко шахтасындағы апатта қаза болған 46-шы кеншінің денесі жер бетіне шығарылды. Мәйітке ДНК сараптамасы жүргіліп, бүгін туыстарына берілді.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
07.11.2023
Осыған дейін 50 жастағы кенші Александр Прокудиннің денесінің бір бөлшегі табылғаны айтылған. Жарылыстан он күн өткенде оның мәйітінің негізгі бөлігі жер бетіне шығарылды. Александрды өзіне бекітілген қолшамының аспалы батареясынан таныпты. Құтқарушылар тас‑талқан болып су басқан жерасты жолдарында денені іздеу қиынға соққанын айтады. Марқұмды жерлеу мәселесі ертең шешіледі.
Еске салсақ. 28 қазанда Костенко шахтасында метан газы жарылған. Апаттың күшті болғаны соншалық, қызыл жалын алты шақырым жерге жайылып, төрт учаскені шарпыған. Сол түні жер астында жүрген 252 кеншінің 46-сы жер бетіне шығып үлгермеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!