{metadescription}
Астаналықтар тағы бір пирамида жарнамасына сеніп, 168 млн теңге құйған
Астаналықтар тағы бір пирамида жарнамасына сеніп, 168 млн теңге құйған

Астаналықтар тағы бір пирамида жарнамасына сеніп, 168 млн теңге құйған

Астанада жүз тұрғын алаяқтар құрған тағы бір пирамидаға алданды. Олар жалған жарнамаға сеніп 168 млн теңгесін құйған.

Қаржы мониторингі агенттігі «Чиа Тай - Тяньцин фармасьютикал» құрылым бөлімшесінің басшылығына қатысты кезекті сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Аталған компания өзін Қытайда фармацевтикалық препараттар мен медициналық жабдықтарды өндіру және экспорттаумен айналысады деп көрсеткен. Ал салымшыларға неғұрлым көп ақшаны инвестициялау арқылы бірнеше жоба бойынша табысы жоғары қызметке ауысу ұсынылыпты. Заңсыз қаражат алып келген атышулы қаржы пирамидасының басшысы қамауға алынған.

Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:

Тергеуде құрылым бөлімшенің басшысына қатысты қамау бұлтартпау шарасы таңдалды. 101 салымшыдан тартылған қаражаттың жалпы сомасы 168,5 млн теңге. ҚР ҚК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде