{metadescription}
«Сіздің полицияңыз» шарасында халық бар шындықты айтып жатыр
«Сіздің полицияңыз» шарасында халық бар шындықты айтып жатыр

«Сіздің полицияңыз» шарасында халық бар шындықты айтып жатыр

Елімізде «Сіздің полицияңыз» атты шара басталды. Учаскелік инспекторлар қаланы ғана емес, ауылдарды аралап тұрғындармен кездесіп жүр. Тіпті әр үйдің есігін қағып, халықтың жай‑күйін білмекші. Бұл шара тұрғындарға да ұнаған сияқты. Полицияға ағынан жарылып, бар шындықты жайып салуда.

Екатерина Зеленова:

Қызым ішімдік ішкенде, инпекторымыз Ерлан оның құжаттарын реттеп, ауруханаға емдеуге жатқызды. Менің немереммен қатар оқыған. Оны басқаларға үлгі тұтамын. Полиция сондай болу керек.

Петропавлдағы ең қылмысы көп аудан саналатын Рабочий кентінің инспекторы Ерлан Нөгербеков. Оның айтуынша, осы ауданда маскүнемдер де, түрмеден босап шыққандар да көп екен. Отбасылық кикілжің де жиі орын алатындықтан, тәртіп сақшысы әртүрлі жағдаймен кездесуіме тура келеді дейді. Ал көрші үйдегі Игорь Сұлтанов отбасымды осы инспектордың көмегімен сақтап қалдым дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде