{metadescription}
Байзақ ауданында 44 оқушы мұғалімдерімен бірге ауруханаға түсті
Байзақ ауданында 44 оқушы мұғалімдерімен бірге ауруханаға түсті

Байзақ ауданында 44 оқушы мұғалімдерімен бірге ауруханаға түсті

Жамбыл облысында жаппай астан уланған мектеп оқушылары мен ұстаздар палау жеп, компот ішкен. Байзақ ауданындағы гимназияның бастауыш сыныбында оқитын 44 бала мен екі мұғалім ауруханадан бір-ақ шықты. Дәрігерлер астан ұшынғандардың жағдайы қазір жақсарды дейді. Облыстағы мектептердің асханасы жаппай тексерілетін болды.

Байзақ ауданындағы Сарыкемер ауылының оқушылары астан уланды. Киікбаев атындағы мектеп-гимназияның бастауыш сыныбында оқитын балалар таңғы астан кейін өзін жайсыз сезіне бастаған. Жедел жәрдем балақайлардың бірін үйінен, кейбірін мектептен әкеткен. Баласы астан ұшынған ата-аналар кешелі бері аурухана жағалап жүр.

Жадыра Есбосынова:

Кеше мектептен келгеннен кейін құсып бастады. Қызым ғой, 7 жаста. Құсқанын қоймады, қайтақайта құсты. Әлсіреп қалды. Содан соң жедел жәрдем шақырдым. Тез келді. Содан жедел жәрдем ішінде де құсты.

Жарты күн ішінде астан ұшынып ауруханаға түскендер саны 46-ға жеткен. Бәріне ішектің өткір ауруы диагнозы қойылды. 11 оқушы ем-домнан кейін үйіне қайтарылса, қалған 33 оқушы мен екі мұғалім ауруханада әлі емделіп жатыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайы жақсарған.

Жандос Рысқұлов, Байзақ ауданы орталық ауруханасының бас дәрігері:

Астан уланудың өткір токсикоинфекция диагнозы қойылды. Науқастар түскен кезде жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланды. Емдомның бәрі облыстың бас инфекционисті, бас педиатры, бас токсикологы секілді жоғары дәрежелі мамандардың бақылауымен жүргізілді. Балақайлардың сөзінше, палау жеп, компот ішкен.

Жалпы кеше Киікбаев мектеп-гимназиясында түске дейін 437 оқушы ауқаттанып үлгерген. Түні бойы үйді-үйді аралап шыққан дәрігерлер тағы 11 оқушы жеңіл түрде астан уланғанын анықтап емдеді.

Ал осы жағдайдан кейін мектеп асханасы жабылды. Білім ошағының басшысы бүгін ата-аналар баласын сабақтан жаппай сұрап алып жатқанын айтады.

Гүлбахрам Ермекова, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназияның директоры:

Атааналардың бәрі сұранды. Баламыздың денсаулығын тексертейік дейді. Рұқсат бердік. Түнде 17 бригададан құралған мобильдік топ бар, үй-үйді аралап, оған класс жетекшілері де де қосылды, арасында дәрігерлер бар. 

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді Тоқсейітов деген жеке кәсіпкер жеңіп алған. Оның жұмысына осы күнге дейін еш шағым айтылмаған. Тіпті кәсіпкердің жалғыз бұл мектеп емес, облыстағы 82 білім беру ошағының асханасын жалға алғаны анықталды. Енді бәрі жаппай тексеріледі.

Нұржан Календеров, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары:

Облыс әкімінің тапсырмасымен барлық 82 мектепке зерделеу жүргізіледі. Ал тексеруді прокуратурамен келісе отырып жүргізіледі. Келісімшартты үзу, тоқтату тексеріс қорытындысынан кейін белгілі болады.

Тәртіп сақшылары бір баппен қылмыстық іс қозғады. Асханадағы азық-түлік пен өзге де өнімдерден сынама алынып сараптамаға жіберілген. Оның нәтижесі апта соңында дайын болады. Егер оқушыларға арналған ас-ауқаттан бактерия табылса, асханаға жауапты кәсіпкер мен келісімшарт жасасқан білім бөлімі басшылары қатаң жазалануы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде