{metadescription}
Автогаз бағасы бензинмен теңестірілуі мүмкін
Автогаз бағасы бензинмен теңестірілуі мүмкін

Автогаз бағасы бензинмен теңестірілуі мүмкін

Қазақстанда автогаз бағасы бензинмен теңестірілуі мүмкін. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің болжамы осыған саяды. Оның айтуынша, елімізде сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемі соңғы екі жылда күрт өскен.

Техникалық байқау станцияларында көлігін газға ауыстыруға ниеттенгендер нөпірі де толастар емес. Министр қазақстандықтар көлігін сұйытылған газбен жүргізуді жалғастыра берсе, қосымша көгілдір отын қорын басқа елден іздеуге мәжбүр боламыз дейді. Сәйкесінше, сұранысқа сай автогаз бағасы да еселеп қымбаттайды. Жауапты сала өкілдері автомобильді әуесқой тәсілмен газ жағатын етіп жабдықтауды қолға алған орталықтардың жұмысын жіті тексереміз деп отыр.

Алмасадам Сәтқалиев ҚР Энергетика министрі:

Мұндай қарқынмен келешекте газ өңдеу қуатының әлеуеті қысқа мерзімдегі қажеттіліктерге де жетпей қалуы мүмкін. Тіпті сұйытылған мұнай газын шет елден әкелуге мәжбүр боламыз. Ол кезде баға мүлде басқаша болады. Тіпті бензин бағасымен салыстыратындай деңгейге шығуы да ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде