{metadescription}
Қазақстан - Ресей форумын ұйымдастыруға 13 млрд теңге жұмсалған
Қазақстан - Ресей форумын ұйымдастыруға 13 млрд теңге жұмсалған

Қазақстан - Ресей форумын ұйымдастыруға 13 млрд теңге жұмсалған

13 млрд теңге. Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға осынша сома жұмсалған. Мұндай аста-төк дайындықтың себебін жергілікті әкімдік былайша түсіндірді.

Әуелде іс-шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин қатысады деп жоспарланған екен. Кейін қос елдің басшысы форумды видеобайланыс арқылы онлайн тамашалайтыны белгілі болған. Мәжіліс отырысынан кейін ұлттық экономика министрі жоғарыда аталған миллиардтарға қатысты пікір білдірді.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Осы қаражатқа салынған қаладағы кез келген инфрақұрылым жергілікті тұрғындарға қалады. Ауқымды ісшара өтеді. Ресейдің шекаралас өңірлерінен кәсіпкерлер келеді, біздің бизнесмендер, мемлекеттік қызметкерлер қатысады. Содан кейін кез келген нысан, соның ішінде визиторталық өңірді дамыту үшін қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде