{metadescription}
Мәжілісте бес мыңнан аса адамды алдап кеткен әйелдің есімі аталды 
Мәжілісте бес мыңнан аса адамды алдап кеткен әйелдің есімі аталды 

Мәжілісте бес мыңнан аса адамды алдап кеткен әйелдің есімі аталды 

«Қытайдан арзан ыдыс-аяқ жіберемін». Дәл осылай деп бес мыңнан аса адамды алдап, 30 млрд теңгесін қайтармаған әйелдің есімі бүгін тіпті Мәжілісте аталды.

Бас прокурорға жолданған депутаттық сауалында Дәулет Мұқаев интернет алаяқтығымен айналысатын адам саны көбейіп бара жатқанын айтты. Мәселен, былтыр 20 мыңнан аса дерек тіркеліп, азаматтарға 16 жарым млрд теңге залал келген. Ал биыл зардап көлемі 11 млрд теңгеден асыпты. Олардың құрбаны көбіне үйде отырған аналар мен қыз-келіншектер. Мәжілісмен соңғы уақытта кең етек жайып келе жатқан алаяқтықтың бір түріне тоқталды. Арам пиғылдылар әлеуметтік желі арқылы өздерін «байер» деп таныстырып, шетелден арзан тауар жеткізіп береміз деп тақырға отырғызған.

Дәулет Мұқаев, Мәжіліс депутаты:

Елде лақап атымен танымал болған Айс Мұратова, шын аты Арайлым. Ол соңғы екі жылда халықтың сеніміне кіріп сауда жасап, өзін жақсы жағынан жарнамалаған. Қытайдан арзан тауарлар, ыдысаяқтар жіберемін деген. Төлемдерді ешқандай келісімшартсыз, яғни картаға адартқан.Мұндай папкадан, сенесіздер ме, 3 пакет бар. Соның барлығын санасақ, 30 млрд-тан асады. Бұл дегеніміз он шақты мектеп салатын ақша.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде