{metadescription}
Аида Балаева: «Әли Оқапов эмоцияға беріліп шешім қабылдаған»
Аида Балаева: «Әли Оқапов эмоцияға беріліп шешім қабылдаған»

Аида Балаева: «Әли Оқапов эмоцияға беріліп шешім қабылдаған»

Мемлекеттік марапат өз иесінде қалады. «Құрмет» орденінен бас тартқан әнші Әли Оқаповқа қатысты мәдениет және ақпарат министрі пікір білдірді. Әлеуметтік желідегі сансыз сыннан кейін әнші эмоцияға беріліп шешім қабылдаған деп санайды Аида Балаева.

Өнер иесінің инстаграм парақшасындағы үндеуінен кейін министр әншіге өзі хабарласып қолдау білдіріпті. «Марапатты анасының арқасында алды» деген әлеуметтік желідегі гу-гу әңгімеге Оқапов күйініп кетіп, жүйкесі шыдас бермесе керек.

«Соңғы кезде марапатқа ие болғандарды жан-жақтан бұлай талап, қоғам тарапынан буллинг жасау жақсы үрдіс емес» - дейді Балаева.

Естеріңізге сала кетсек, Республика күніне орай Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповқа «Құрмет» ордені табысталған. Көпшілік әншінің парақшасында оны бұл орденге лайық емес деген сарында толассыз пікір қалдырды. Одан кейін мемлекетік награданы қайтарып беремін деп оқталған әртіс, тіпті бас көтере алмай сырқаттанып қалғанын да жазған болатын.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Мен министр ретінде онымен сөйлестім. Ол кісі творчествоның адамы болғаннан кейін, эмоцианалды түрде өзі айтты. «Аида Ғалымқызы, шынымен де барлығы жанжақты талағаннан кейін бірінші менің еңбегім емес, менің анаммен салыстырып жатқаннан кейін, оған мен шыдай алмадым» деді. Қазір ондай сұрақ жоқ. Барлығы дұрыс. Марапат өзінде қалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде