{metadescription}
Теңгемізге 30 жыл. Инвестиция және коллекция монеталары ұсынылды
Теңгемізге 30 жыл. Инвестиция және коллекция монеталары ұсынылды

Теңгемізге 30 жыл. Инвестиция және коллекция монеталары ұсынылды

Тәуелсіздігіміздің нышаны — төл теңгемізге биыл 30 жыл. Осыған орай Ұлттық банк инвестиция және коллекция монеталарының жаңа түрлерін жасап, Қастеев музейінде көпшілік назарына ұсынды. Арасында мерейтойға арналған мерекелік тиындар да бар. Алтын, күміс жалатылған жаңа теңгелердің кескіні көз тартарлық.

Ұлттық валютаның айналымға түскеніне биыл 30 жыл. Осы уақыт аралығында теңге өзінің кескін-келбетін өзгертіп, құны да сан рет құбылды. Биылғы мерейтойына Ұлттық банктің дайындаған тағы арнайы сыйы бар. Теңгеге 30 жыл арнайы коллекция монетасына Т белгісін пайдаланған. Сол жағындағы ою-өрнек даму мен өркендеуді, сондай-ақ ұлттық болмыс пен нақышты білдіреді.

Айжан Машеева, ҚР Ұлттық банкінің ұлттық валюта маркетологы:

Бұл екі монета да арнайы теңгенің 30 жылдығына арналып жасалынды. Мың теңгелік тиын күмістен жасалған. Өн бойында тантал металл бар. Салмағы 84,32 грамм. Таралымы 300 дана. Ал 500 теңгелік монета алтын жалатылған күміс монетаның сынамасынан дайындалған. Оның салмағы 31,1 граммды құрайды. Таралымы 2 мың дана.

Көрмеде теңгенің тағы бір түрі Тәңір танымы коллекциялық монетасы таныстырылды. Дизайны да ерекше. Тамыры жер торлап, тәжі аспан тіреп тұратын өмір ағашы – «Бәйтеректі» бейнелейді. Сондай-ақ, қасиетті құс – Самұрық пен Айдаһар да суреттеліпті. Ол жақсылық пен жамандық арпалысының мәңгілік нышаны іспеттес. Бұл жолы инвестицияға арналған теңгелер де басылып шыққан.

Айжан Машеева, ҚР Ұлттық банкінің Ұлттық валюта маркетологы:

- 2018 жылы Ұлттық банк «Көкбөрі» атты коллекциялық 300 дана монетаны жасап шығарған болатын. Ол сатылымда үлкен сұранысқа ие болды. Сөйтіп арнайы дизайнымен көптің көңілінен шыққан бұл тиын түрін инвестициялық теңге түрінде шығаруға шешім қабылданды. Алтын барыс және күміс барыс монетасы аты айтып тұрғандай алтын мен күмістен құйылып жасалды.

Экспозицияның барлығы мәдени, саяси және тарихи түрленуін еш өзгертпеген. Монеталар халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрінен алыстамай, қазіргі заман тұрғысынан да жаңа бейнелер қалыптастырған.

Алмат Басенов, ҚР Ұлттық банкінің банкноттар және монеталар дизайны басқармасының басшысы:

Технология мен жаһандық трендтер арқылы монеталардың эволюциясын бақылай аламыз. Бүгін өзгерген дүние көп. Алғашында классикалық теңгеден коллекциялыққа ауысты. Қазір нарықта инвестициялық монеталарға сұраныс өскен. Осы орайда әрбір жаңашылдық әлемді өзіне бағындыруда. Бір де бұл ғаламдық нарықта қалыс қалмас үшін, өз үлесімізді қосудамыз.

Инвестициялық монеталар жыл соңында саудаға түседі. Ал коллекция теңгелер қазірдің өзінде сатылымда.

Еске салсақ, 1993 жылы 15 қарашада еліміздің төл теңгесі айналымға шыққан болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.