{metadescription}
«Қазақтың қысқаша тарихы» кітабы жарыққа шықты
«Қазақтың қысқаша тарихы» кітабы жарыққа шықты

«Қазақтың қысқаша тарихы» кітабы жарыққа шықты

Тарихын білмеген ел жетім. Бүгін Алматыда еліміздің алты ғасырлық өткенін түгендейтін «Қазақтың қысқаша тарихы» атты кітап жарыққа шықты.

Автор Сұлтан Әкімбеков бұл туындыға мол тәжірибемен келген. Осыған дейін де тарих туралы бірнеше монография жазыпты. Бірақ дәл осы кітап өзгелерден ерекше деп отыр. Өйткені 400 беттің ішінде көшпенділердің кешкен күйінен бастап, қаншама қазақ қырылған ашаршылық, адамзат тарихындағы ең қайғылы қасірет болған Екінші дүние жүзілік соғыс, тәуелсіздік алу жылдары мен қазіргі мемлекетіміздің бастан өткерген соңғы жылдардағы оқиғалар бүге-шүгесіне дейін боямасыз жазылған. Тарихтан сыр шертетін кітап әзірге орыс тілінде ғана жарық көрді. Таралымы 5 мың дана. Алдағы уақытта қазақ, ағылшын тілінде шығарылады деп жоспарланған.

Сұлтан Әкімбеков, автор:

Мен бұл кітапқа 2010 жылы жазылған қазақ тарихы туралы үш монографиядан кейін келдім. Онда ашаршылыққа дейінгі тарихымыз қаузалған. Ал бұл кітапта өткенімізге кеңінен тоқталдым. Тарих саласындағы 30 жылдың тәжірибемнің арқасында сонау көшпенділерден бастап, бүгінгі еліміздегі оқиғаларды тереңірек жаздым. Оқырмандарға ұнайды деген ойдамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.