{metadescription}
Электронды және қыздыратын темекі тұтынатындар. Сауалнама қорытындысы
Электронды және қыздыратын темекі тұтынатындар. Сауалнама қорытындысы

Электронды және қыздыратын темекі тұтынатындар. Сауалнама қорытындысы

Денсаулығы едәуір жақсарған. «Стратегия» қоғамдық қоры елімізде электронды темекі мен темекіні қыздыруға арналған өнімін тұтынатындар арасында сауалнама жүргізіпті. Оның қорытындысы бойынша, респонденттердің жартысына жуығы кәдімгі темекіден түтінсіз өнімдерге ауысқаннан кейін өзін жақсы сезінетінін айтқан.

Сауалнамаға қатысушылардың 47 пайызы темекіден зияны аздау балама ретінде жасалған электронды темекі мен вейпке ауысқасын жағдайы жақсарғанын атап өтіпті. Сонымен қатар ерлер де, әйелдер де бірдей дәрежеде оң өзгерістерді байқаған. Әсіресе басым көпшілігі темекі шегіп жүрген кезінде денеге және киімге сіңіп қалатын жағымсыз шылым иісінен арылғанын әрі күйзеліске сирек түсетінін жеткізген. Талдау тамыз айында бетпе-бет әңгімелесіп жүргізілді. Оған 1300-ге тарта адам қатысқан.

Азат Мұхамедиев, зерттеу авторы, «Стратегия» ҚҚ үйлестірушісі:

Ер адамдарда адамның өзіне сенімі жақсарған. Стресске қарсы бір күштің пайда болуы. Сосын жөтелден, демікпеден арылған. Ал әйелдерді айтатын болсақ, олардың бет терісі, көңіл күйі жақсарған.

Еліміздегі темекі шегушілер саны соңғы 10 жылда өзгеріссіз және олардың үлесі сол баяғы отыз пайызға тең. Бұл қатарға түтінсіз құрылғылар, яғни қыздырылатын және электронды темекі пайдалушылары кіреді. Сарапшылар статистиканың жақсармауына мемлекеттің темекіге қарсы күресінің тиімсіздігі себеп дейді.

Гүлмира Елеуова, «Стратегия» ҚҚ басшысы:

Мен бұл өнімдердің нақты зияны туралы ешқандай зерттеу көрмедім. Зиянды болса, келіп көрсетсін. Сонда оны пайлануды азайтуға күш саламыз. Сайып келгенде бұл бір реттік тыйым салу емес, жанжақты әрі дәйекпен кешінді іске асырылуға тиіс.

Мемлекет түтінсіз өнімдерді тұтынуға қатысты ықпал еткісі келсе, әуелі нарықтың осы сегментін заңдастырып, сертификаттауды енгізу керек дейді сарапшылар. Әйтпесе бұл контрабандаға, жемқорлық пен заңсыз саудаға ұласуы мүмкін дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.