{metadescription}
Киіктердің мүйізі Қытайға сатылатын болды
Киіктердің мүйізі Қытайға сатылатын болды

Киіктердің мүйізі Қытайға сатылатын болды

Ауланған киіктердің мүйізі Қытайға сатылатын болды. Ақбөкендердің популяциясын аулау мен ату арқылы реттеп жатқан экология министрлігі бұған дейін еті мен терісін сатуды ел аумағында бастаған. Енді министр Ерлан Нысанбаев мүйізін де кәдеге асырамыз деп отыр.

Әзірге оларды экспортқа шығаруға СИТЕС халықаралық келісімі кедергі келтіріп тұр. Келісімге сәйкес, кей жануарлардың, оның ішінде ақбөкеннің дериваттарын сатуға болмайды. Жауапты ведомство өкілдері мәселені шешү үшін Швейцарияға шұғыл аттаныпты. Келіссөздер өз нәтижесін берсе, мүйізді экспорттау 2025 жылы басталмақшы.

Айта кетейік, осы аптада ғана аталмыш саланың басы-қасында жүрген жауапты атқамінерлер киіктің еті де, мүйізі де шетел аспайды деген болатын. Алайда министрлік шешімінің бұлай тез өзгеруіне ақбөкен мүйізіне шетелдіктердің шамадан тыс сұранысы себеп болған. Әсіресе Шығыс медицинасында киелі жануардың мүйізі таптырмас дәрілік препарат ретінде қолданылады. Бірақ әзірге бағасы белгіленбепті.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Ақбөкендердің мүйізі Шығыс елдерінде фармацевтика саласында кеңінен пайдаланылады. Негізінен Қытайда сұранысқа ие екенін білеміз ғой. Тек оларды экспорттауға мүмкіндігіміз жоқ болып отыр. Себебі CITES халықаралық ұйымы жануарлардың жекелеген түрі, соның ішінде киіктердің бөліктері мен дериваттарын экспорттауға тыйым салған. Қазір тыйымды алып тастау бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.