{metadescription}
Ақтауда спортшы қыздың өлімін тергеуде екі полицей босатылды
Ақтауда спортшы қыздың өлімін тергеуде екі полицей босатылды

Ақтауда спортшы қыздың өлімін тергеуде екі полицей босатылды

Ақтауда 21 жастағы спортшы қыздың өлімін тергеуде екі полицей қызметінен босатылды. Тәртіп сақшылары қызмет өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Маңғыстау облысы прокуратурасы:

- Соталды тергеп-тексерумен қатар, бір мезгілде қызмет тексерісі жүргізіліп, оның нәтижесінде Маңғыстау облысы полиция департаментінің тәртіп комиссиясының шешімімен екі полиция қызметкері қызметінен шеттетілді.

Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, тергеп-тексеру 3қазанда басталған. Алайда тергеудің толықтығын, объективтілігін және жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында одан әрі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүктелген. Прокуратура екі полицейді атқаратын қызметінен шеттету оларды жұмыстан шығаруды білдірмейтінін атап өтті. Олардың тағдыры  антикор толық тергеуді аяқтағаннан кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, Ақтауда 2 шілде күні су арнасынан 21 жастағы Валерия Шальнованың денесі табылған. Полиция ҚР ҚК 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша іс қозғап, кейін оны 119-бапқа,  «Қауіпті жағдайда қалдыруға» өзгертті. Кейін құқық қорғау органдары 21 жастағы спортшының өліміне қатысты бапты Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» деп өзгертті. Күдікті қамауға алынған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде