{metadescription}
Өндіріс еңбекақысы мен қауіпсіздік талқыланып, кеншілердің мәселесі көтерілді
Өндіріс еңбекақысы мен қауіпсіздік талқыланып, кеншілердің мәселесі көтерілді

Өндіріс еңбекақысы мен қауіпсіздік талқыланып, кеншілердің мәселесі көтерілді

Кәсіподақ басшылары жұмысшылар құқығын қорғауда неғұрлым көбірек еркіндік беруді сұрап отыр. Астанада өндірістегі қызметкерлердің еңбекақысы мен қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды. Жиналғандар Қарағанды облысындағы шахталарда болған қайғылы оқиғалар мен басын қауіпке тігетін кеншілердің еңбек құқығы жайлы сөз қылды.

Мұхтар Тінікеев, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Кеншілердің қазасына қатысты айтатын болсақ, бұған ең алдымен жұмыс берушілер кінәлі. Кәсіподақ ұйымы компанияға бірнеше рет кеншілердің қауіпсіздігі жайлы ескерткен. Алайда ешкім құлақ аспады. Тіпті сол қателікті көріп тұрып, оны елемеген қадағалаушы органдардың да кінәсі бар. Қарапайым еңбек адамының құқығын қорғап, олармен күнделікті жұмысты кәсіподақтар ғана жүргізеді. Сондықтан техникалық инспекторларға көбірек мүмкіндік беріп, кәсіподақтардың рөлін күшейту қажет.

Кәсіподақ өкілдері өндірістегі еңбек жағдайын жақсарту үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекторларды жауапты министрлікке қайтару қажет деп санайды. Бүгінде олар жергілікті әкімдіктерде тіркелген. Әрі олардың саны ел бойынша бар-жоғы 270-ке жетер-жетпес. Сондықтан басты мәселе инспекторлардың санын көбейту мен өндірістегі жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бақылау функциясын күшейту дейді кәсіподақ басшылары.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.