{metadescription}
Рекорд: Тоғызыншы Kaspi Жұма несімен есте қалды?
Рекорд: Тоғызыншы Kaspi Жұма несімен есте қалды?

Рекорд: Тоғызыншы Kaspi Жұма несімен есте қалды?

Қазақстанда бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі Kaspi Жұма өтті. Көптеген қазақстандықтар қыс қарсаңында дөңгелек, қыстық киім мен аяқ киімдерін жаңалап, үйіне тұрмыстық техника мен электроника сатып алды. Ал қазақстандық кәсіпкерлер тағы да сатылымнан рекорд жасады. Бұл жолғы Kaspi Жұма несімен есте қалды?

Бұл тоғызыншы Kaspi Жұма. Сатып алу мерекесінің үш күнінде қазақстандықтар көптеген тауар – тоңазытқыш, теледидар, климат бақылау жабдық, тұрмысқа қажет бұйымдар, автокөлік дөңгелектерін және тағы басқа заттар сатып алды.

Айгүл Байұзақова, Sulpak дүкенінің сатып алушысы:

- Өз басым телефон алдым. Сонымен қатар жұмысыма қажет принтер, тағы басқа дүние алып жатырмын. Kaspi Жұмаға көпкөп рахмет! Көп адамға, қазақстандықтарға жағдай жасап жатыр. Бүгін халық нөпіріне қарағанда жалғыз маған емес, басқа адамдарға да тиімді деп ойлаймын.

Самал Болсамбаева, «Леруа Мерлен Алматы» дүкенінен сатып алушы:

- Біз үй салып жатырмыз, керекті заттарды алып жатырмыз. Kaspi Жұма 0-0-24 ай арқылы өте ыңғайлы.

Раушан Ергешбаева, Technodom дүкенінен сатып алушы:

- MacBook алдым, 24 айға. Менің ойымша, бұл өте ыңғайлы нәрсе. Өзімнің атымнан қосар едім, мұндай Kaspi Жұманы жиірек жасап отырса деп.

Сатып алушылар затты тиімді сатып алғанына, сатушылар – сауда көлемінің артқанына қуанышты.

Аруна Рахымбек, Sokolov дүкенінің сатушысы:

- Kaspi Жұманың арқасында адам саны көп. Әдеттегіге қарағанда сауда екі есеге артық жүріп жатыр. Жалпыхалықтық тиімді сатып алу мерекесі жылына бір ғана емес, бірнеше рет болса екен дейміз. Себебі бізге өте тиімді.

Гүлнара Найманқұлова, «Еуромебель» компаниясының аға сатушысы:

- Бұл жерге көп адам келіп жатыр. Жиһаз алып жатыр, қазір. Осы Kaspi Жұманы барлығы күтті. Kaspi Жұма арқылы армандаған интерьеріне және өзінің дизайнына сай жиһаз таңдап алады.

Сатып алушының өтінішімен заттар үйіне тегін жеткізіледі. Сондықтан жеткізу қызметі Kaspi Жұма кезінде күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Кудрат Даулятов, жүргізуші-экспедитор:

- 3 қарашадан Kaspi Жұманың бірінші күні басталды. Сол күннен, бастап бізде жұмыс көбейе бастады. Үш күн болды, ертеден түнге дейін істейміз. Алушылар да түнге қарамай бізді қуанақуана күтуде. Сол үшін рахмет!

Жеңіс Даулетбақов, «Техноград» компаниясынан сатып алушы:

- Kaspi Жұмада «Техноград» компаниясынан үйіме тұрмыстық техникаға тапсырыс бергенмін. Бәрін уақтылы алып келді. Көрсетті. Kaspi Жұмада өте ыңғайлы. 24 айға бөліп берді. Рахмет, Kaspiге!

Кішігірім заттарды Kaspi Postomat арқылы алуды жөн санайтын тұтынушылар көбейіп келеді. Үйде курьер күтпейді, өзіңе ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.

Әсел Муратбекова, сатып алушы:

- Жеткізу қызметі өте ыңғайлы. Үлкен заттарды үйге әкеп береді. Ал ұсақ тауар Постоматқа келді. Жұмысым да жақын, үйіме де жақын. Өзіме де ыңғайлы. Келіп, міне, ала салдым.

Сатып алу мерекесінде адамдар ұзақ кезекке тұрып, сөреден тауарды бірінші болып алуға тырысатын күндер артта қалды. Қазір көпшілігі онлайн сатып алады. Көптеген адам дүкенге тек тауарды ұстап көру үшін келеді, содан кейін ұялы қосымша арқылы кезексіз, тегін жеткіздіртіп алады.

Kaspi Жұма саудада нағыз құбылысқа айналып үлгерді. Сатып алу мерекесі адамдарға отбасы бюджетіне салмақ түсірмей, өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ал қазақстандық шағын және орта бизнес дамып, жаңа жұмыс орындарын аша алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.