{metadescription}
Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қамауға алынды
Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қамауға алынды

Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қамауға алынды

Атырау қаласының бұрынғы әкімі қамауға алынды. Құзырлы органдар Қайрат Оразбаевты жер телімдерін заңсыз үлестірді деген күдікпен ұстаған. Осыған дейін де Атырау қаласы әкімдігінен заңсыз жер беру фактісі бойынша үш қызметкер қамауға алынған еді.

Қайрат Оразбаев Атырау шаһарын 2020-2022 жылдар аралығында басқарған. Қаңтар оқиғасынан кейін белгісіз себептермен бірден жұмыстан кеткен еді. Экс-әкімнің нақты қанша жер телімін заңсыз үлестіргені белгісіз. Себебі облыстық прокуратура тергеу құпиясына байланысты деген желеумен бұл қылмыстық іске қатысты сұхбат беруден бас тартты.

Атырау облысының прокуратурасы:

- Атырау облыстық прокуратурасында қала ішінен заңсыз жер телімдерін беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергептексеру жұмыстары жүріп жатыр. Осы іс бойынша Атырау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев қамауға алынды. Өзге ақпараттар ҚПК 201 бабы бойынша жарияланбайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде