{metadescription}
14 адам мерт болған Семей орман өртінің себебі анықталды
14 адам мерт болған Семей орман өртінің себебі анықталды

14 адам мерт болған Семей орман өртінің себебі анықталды

14 адамның өмірін жалмаған Семейдегі орман өртінің неден тұтанғаны белгілі болды. Бас прокуратура жарты жылға созылған тергеуді аяқтап, қызыл жалын құрғақ ағашқа түскен найзағайдан шықты деп отыр.

ҚР Бас прокуратурасы:

- Тергеу кезінде өрттің шығуына құрғақ ағашқа түскен найзағай себеп болған. Бұл нұсқа сарапшы, маман қорытындыларымен, фотовидео түсірілімдерімен, куәлардың айғақтары және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталды. Сондай-ақ өрт кезінде «Семей орманы» резерваты және Новошүлбі филиалының басшылығы өздеріне заңмен жүктелген өрт сөндіру өкілеттіктерін орындамаған, жағдайды теріс бағалаған және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген.

Осылайша Новошүлбі филиалының басшылығы «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзып, адам өліміне әкеп соқты» деген бап бойынша кінәлі деп танылған. Қазір ол үйқамақта. Негізі аталған бап бойынша 5 -тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Дегенмен тергеу аяқталып, тиісті құжаттар сотқа енді жетті.

Еске салcақ, Абай облысының «Семей орманы» табиғи резерватындағы орман өрті 8 маусымда болған. Соның салдарынан 60 мың гектар жасыл желек тұтастай жанып кетті. Ал дабыл қағылған бойда қызыл жалынды ауыздықтауға аттанған Новошүлбі филиалының 14 қызметкері қаза тапқан еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде