{metadescription}
Арзан авиабилеттен қағылуымыз мүмкін — заң жобасы қаралып жатыр
Арзан авиабилеттен қағылуымыз мүмкін — заң жобасы қаралып жатыр

Арзан авиабилеттен қағылуымыз мүмкін — заң жобасы қаралып жатыр

Отандастарымыз арзан әуе билеттерінен қағылуы мүмкін. Мәжілісте әуе компаниялардың тарифтеріне қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Сауда және интеграция министрлігі арзан, бірақ кері қайтаруға жарамайтын билетті алып тастауды көздеп отыр. Бұған ел арасында жиі ұшатын жолаушылар мен кәсіпкерлер палатасы да үзілді-кесілді қарсы.

Өйткені қайтаруға болатын билет бірнеше есе қымбат тұрады дейді. Заң жобасы күшіне енсе, баға саясаты қалай болады?

Кәсіпкер Әділет Сағатовтың әрбір сағаты жоспарланған. Тиісінше, сатып алған билетін қайтарғаны өте сирек. Өзі Астана қаласының тұрғыны. Жұмыс бабымен кеше Алматыға келген. Екі қаланың арасында айына кемі бір рет қатынайды. Егер тарифке қатысты өзгеріс енгізілсе, билетті қайтарып алмайтынына сенімді бола тұра, не үшін үстінен қосып төлейтінін түсінбей отыр.

Әділет Сағатов:

Ол қалтаға кәдімгідей тиеді деп ойлаймын. Себебі, мен келесі айда Астанаға ұшамын дерлік, қазір билет сатып алатын болсам, 10мың теңге. Бірақ қайтарымсыз билет жоқ. Мен оны 40 мыңға аламын. Тура сол уақытта ұшамын деп жоспарлаймын да, бүкіл ісімді тастап, 10 мың теңгеге сатып аламын. Себебі, ол қайтарымсыз. Қайтарымды болса, мен оған 10мың емес, 40мың төлеймін. Барлығы тура сол, бірақ бағасы төрт есе қымбат.

Расымен де, кәсіпкерлер палатасы өзгеріс енгізілсе ,бағаның екі үш есе өсіп кететін мойындап отыр. Қарапайым халықтың қалтасынан ұратыны бір, екіншіден, отандық әуе компаниялар да шаш етектен шығынға батады дейді. Өйткені тарифтерге қатысты жаңа заң енгізілсе, жолаушылар жаппай арзан қайтарымсыз билеті бар шетелдік компанияларға жүгінетін болады.

Ерболат Шарафиев, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сауда департаментінің сарапшысы:

Жаңа заң енгізілсе, отандық әуе компанияларда билет қымбаттайды. Ал көптеген шетелдік әуекомпанияларда қайтарымсыз тарифтер бар. Яғни билет оларда арзан болады деген сөз. Былайша айтқанда, тең емес бәсекелестік жағдайы туындайын деп тұр. Халыққа да, отандық әуе компанияларына да зардабын тигізетін болса, мұндай заң несіне керек?

Ал экономистердің пікірі мүлде басқа. Жаңашылдықтың оңтайлы тұсын тізбектеп берді.

Арман Бейсембаев, қаржы сарапшысы:

Мәселен, кез келген тұтынушыда қандай да бір жағдай туындап ұша алмайтын болса, билетті қайтарып ала алады. Әуекомпаниялары сол билетті өзге біреуге сатып үлгере алады. Сонда ұшақ жартылай бос ұшпайды. Бұған дейін тұтынушылардың басым бөлігі кез келген билетті қайтара алмаған.

Десе де бұл жаңашылдық әлі енгізілмеді. Заң жобасы қазір Парламент мәжілісінде қаралып жатыр. Негізі өзгеріс енгізуді көздеп отырған сауда және интеграция министрлігі. Министрлік неліктен арзандау, қайтарымсыз билеттерді алып тастап, бірыңғай қайтарымды қылғысы келіп отырғанын түсіндірмеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде