ШҚО-да екі айда 34 мың адам тұмауға шалдыққан
Шығыс Қазақстан облысында жедел респираторлы вирустық инфекцияға шалдыққандар саны күрт көбейді. Соңғы екі айдың ішінде 34 мың адам тұмауға шалдыққан.
Автор: Ұлан Нұрахмет
10.11.2023
Күннің күрт суытуы мен апталап жауған жаңбырдың кесірінен науқас саны көбейді дейді дәрігерлер. Әсіресе жұқпалы ауру балаларды баудай түсіруде. Мәселен, екі айда тіркелген 34 мың науқастың 20 мыңнан астамы балалар екен. Бұл көрсеткіш өткен жылғы статистикамен салыстырғанда 30 пайызға көп. Яғни өңір тұрғындарының төрттен бірі суық тиіп сырқаттанды деген сөз. Сондықтан жұрт жаппай тұмауға қарсы екпе салдыруға асығуда.
Қанат Тұрдиев, ШҚО санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің басшысы:
— Жалпы 27 қыркүйектен бүгінгі күнге дейін 76 мың 700-дей адам екпе алды. Оның 75 мыңы тегін алса, 1445-і жұмыс берушілер қаражатына және 230 адам ақылы түрде екпе алып отыр. Бәрін екпе алуға шақырамын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!