Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді
Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді. Екі ел азаматтары алдын ала виза рәсімдемей-ақ, 30 күнге дейін жүре алады. Еліміздің және Қытай халық республикасының үкіметтері арасындағы виза талаптарынан өзара босату туралы келісім көктемде жасалған болатын.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
10.11.2023
Атамыш келісімнің 1-бабына сәйкес, екі елдің азаматтары жеке істерімен, туризм, емделу мақсатында, сондай-ақ халықаралық тасымалдарды, транзит, іскерлік сапарын жүзеге асыру үшін виза талаптарынан босатылады. Азаматтарда 30 күннен артық болу қажеттілігі туындаған жағдайда, тиісті санаттағы визаны алдын ала рәсімдеу қажет. Визасыз режим жұмысқа орналасуға, оқуға және миссионерлік қызмет атқаруға құқық бермейді. Сондай-ақ қазақстандықтар Гонконг және Макао сияқты арнайы әкімшілік аудандарының аумағына кіре алмайды. Ол үшін арнайы виза рәсімдеу керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!