{metadescription}
Астанада жастар жалға берілген үйді жекешелендіруді сұрап отыр
Астанада жастар жалға берілген үйді жекешелендіруді сұрап отыр

Астанада жастар жалға берілген үйді жекешелендіруді сұрап отыр

Астаналық жастар сатып алу құқығынсыз жалға берілген үйлерді жекешелендіруді сұрап отыр. Мемлекеттік бағдарламамен бес жылға пәтер алған жұмыс істейтін 29 жасқа дейінгі қыз-жігіттер қымбатшылық ырық бермей тұрғанын жеткізді. Баспанаға ақша жинауға берілген мүмкіндікті сәтті пайдалана алмаған мыңдаған жастар келісімшарттың мерзімі біте сала далада қаламыз ба деп қауіптенеді.

Үйдің бағасы жылдан жылға шарықтап бара жатқанын алға тартқан үш мыңға жуық адам жиған-терген ақшамыз баспананың алғашқы жарнасын құюға да жетпейді деп күрсінді. Сондықтан олар шенеуніктерден уақытша қоныстанған үйін ипотека арқылы сатып алуға мүмкіндік беруді өтініп отыр.

Айдана Қуанышбекова 2020 жылы мемлекеттік бағдарлама арқылы жалға алған екі бөлмелі пәтеріне төрт баласымен қоныстанды. Үш жылда жас отбасы тағы да бір сәбимен толықты. Көпбалалы ана күйеуімнің табысы тамақ пен бала-шағаның керек-жарағынан артылмайды деп отыр.

Айдана Қуанышбекова:

Менің жолдасым, шын айтайын ба, екі жерде жұмыс істейді. Екі жалақыны қосқанда, біз 500 мың аламыз, оған менің 100 мың жәрдемақымды қосқанда 500 мың аламыз. Оның 250 мыңы азық-түлікке, коммуналдық төлем мен пәтерді қосқанда тағы да 50 мыңдай. Сонымен қазір біздің қолымызда 2 миллиондай ғана бар.

Бас қалада Айдана сынды сатып алу құқығынсыз баспана алған жастардың саны екі жарым мыңға жуық. Жастар жылында жастар қуана қабыл алған бұл жоба бүгінде олардың басты мәселесіне айналып отыр. Елордалық театр залын басына көтерген 100-ге тарта адамның баспанасын босатуына бір жылдан аз уақыт қалыпты.

Фариза Сақбаева:

Біз бұл үйде і қанша жыл тұрғаннан кейін, бастап кіргеннен кейін, қаншама жұмысты өзіміз істеп жатырмыз. Камера орнату деген сияқты, балабақша бар, балаларымыз мектепке барады. Басқа жерге көшу бізге қиынырақ болып тұр. Біз бұл үйді тегін сұрап тұрған жоқпыз. Ортақ шешіммен, ортақ сомамен шығарып берсе, жастар үйді алып қалуға дайын.

Ал жауаптылар бұл тұрғын үй бағдарламасы арқылы мемлекет жұмыс істейтін жастарға артылған ақшаны жинауға таптырмас мүмкіндік бергенін айтады. Себебі жалдамалы пәтердің ақысы айына бар-жоғы 10-15 мың теңге аралығында. Коммуналдық қызметті қосқанда, әр отбасы 30-40 мың теңге төлейді. Бұдан артық қандай жеңілдік керек дейді қалалық әкімдік өкілдері.

Қайрат Қамбаров, Астана қаласы, Жастар саясаты мəселелерi басқармасының басшысы:

Бұл кісілер қазір жеңілдетілген несие емес, бөліп төлеуге берсін деп жатыр. Дегенмен Астана бойынша, айта кететін болсақ, 47 мың адам кезекте тұр. Мұның ішінде жастардан бөлек, әлеуметтік осал топтағы азаматтар бар. Қазір бірден приватизацияға беріп қойсақ, қалған кісілер қалай қарайды? Дегенмен біз әкімшілік тарапынан ұсыныстар жинап министрлікке жолдаймыз.

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасымен осы күнге дейін Алматы, Астана және Шымкент қаласында тоғыз мыңнан аса адамға пәтер кілті табысталған. Бірақ шарт бойынша барлығы бес жылдан кейін баспананы босатуға тиіс. Себебі онда қоныстануға жастардың кезекті легі күтіп тұр. Сол себепті қымбатшылықты қуып жете алмай келеміз деп, жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіру мәселесі әзірге күн тәртібінде тұрған жоқ. Тек балама жолы қарастырылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде