{metadescription}
Семей: Водныйда миллионның жобасы аяқсыз қалып, тұрғындар батпақта мертігіп жатыр
Семей: Водныйда миллионның жобасы аяқсыз қалып, тұрғындар батпақта мертігіп жатыр

Семей: Водныйда миллионның жобасы аяқсыз қалып, тұрғындар батпақта мертігіп жатыр

Семейде Водный кентінің тұрғындары толарсақтан саз кешіп жүр. Су құбырын тартпақ болған мердігер жұмысты сағызша созып жіберген. Көше қазылып, айнала ми батпақ болып жатыр. Соның кесірінен мектеп оқушылар бір аптадан бері сабаққа бармаған. Өйткені тереңдігі адам бойынан асатын арықтарға бала түгілі, үлкендердің өзі тайып құлап мертігіп жатыр екен.

Водный кентінде алты көшенің тас-талқаны шығып жатыр. Мидай езілген батпақта жаяу адам тұрмақ, көліктердің де жүріп-тұруы қиындаған. Тіпті қазылған шұңқырлар сол күйі қалған.

Талай жылдан бері суға жарымай келген жұртқа құбыр тарту үшін көшеге тамыз айының соңында ор қазылған екен. Одан бері екі ай бойы арықтар қайта көмілмеген. Тіпті бұл жермен жүру қауіпті екенін білдіретін ескерту белгілері де жоқ. Жан-жағы қоршалмаған. Ал батпақта титықтаған тұрғындар тайып құлап мертігіп жатыр.

Альмира Қашқарбаева:

Соның кесірінен қолымды сындырып алдым. Екі жерден сынып кеткен. Ауыр жарақат. Енді бір айдан көп гипс тағуға болмайды. Кеше травматолог шешті. Екі күннен кейін фотаға түсіреді. Егер толық бітпесе, гипс немесе біз қояды.

Кенттегі көшелердің сиқы осы. Лай-батпақ, жүру қиын. Тұрғындардың қолында целлофан пакет , аяқтарында резеңке етік. Ал, мектеп оқушылары екінші тоқсан басталғалы білім ордасының есігін ашпаған. Себебі, балалардың жүріп тұруы тым қиын дейді жиналған жұрт.

Жанат Мұсабекова:

Балаларымыз бір апта болды, сабаққа бармай жатыр. Көшеде жоқ. Ал балалар сабақтан кешкі жеті болып қалғанда шығады. Бала түгілі, батпақ кешіп өзіміз әрең жүреміз. Бәр жерде қазылған шұңқыр.

Белуардан батпақ кешкен қараша шаһар әкімі Нұрбол Нұрсағатовты сағаттап күтті. «Шенеуніктің атын естігенмен, түрін көрмедік» дегендер оны батпақтың үстімен жүргізбек ниетте еді. Алайда оның орнына коммуналдық бөлімінің маманы келді. Бірден жұртты сабырға шақырған ол, кенттің батпақ астында қалуына ауа райынан, жауын-шашын болуы себеп дейді.

Құралай Дүйсенбаева, Абай облысы энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:

Бүгін құдықтардың бетін жаба бастаймыз. Одан кейін грейдерлеуді бастаймыз. Өйткені қазір жауып кетпесек, құдықтың ішіне бәрі түседі. Грейдер түзулеп өткеннен кейін ғана үстін жасаймыз.

Жалпы су құбырын тартуға 1 млрд. 400 млн. теңге бөлінген. Жоспарға сәйкес, жұмыс 2024 жылы толық аяқталуға тиіс . Алайда жобада көшелерге қиыршық тас төсеу қарастырылмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде