{metadescription}
Газа секторынан отандастарымыздың алғашқты тобы шығарылды
Газа секторынан отандастарымыздың алғашқты тобы шығарылды

Газа секторынан отандастарымыздың алғашқты тобы шығарылды

Газа секторынан отандастарымызды эвокуациялау басталды. Сыртқы істер министрлігі Мысырмен шекаралас жатқан Рафах бақылау-өткізу бекетінен 44 адамнан тұратын алғашқы топты шығарылғанын жеткізді.

Отандастарды қақтығыс аймағынан шығару Қазақстанның Мысырдағы, Иорданиядағы және Израильдегі елшіліктерінің өзара үйлесімді жұмысының арқасында жүргізілуде. Рафах бекетінен өтетін 44 адамның қырығы Қазақстан азаматы қалғаны палестиналық болғанымен, олардың отбасы мүшелері. Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, Қазақстаннан басқа 9 ел өз азаматтарын эвакуациялауға кіріскен. Бұл тізімде Марокко, Иордания, Ресей, Испания және Швеция, Нидерланды, Перу, Ұлыбритания, АҚШ бар.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

Барлығы 594 адам өту жоспарланған. Өткізу пунктінен өткеннен кейін қазақстандықтар Каирге автокөлікпен жеткізіліп, қонақүйге орналастырылады. Содан кейін Қазақстанға жеткізіледі. Сонымен қатар біз Мысыр билігімен басқа да қалып қойған отандастарымызды, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелерін шығаруға рұқсат алу бойынша әлі жұмысты жалғастырып келеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде