{metadescription}
Шымкенттің экс-прокуроры Мақсат Қожабаев сотталды
Шымкенттің экс-прокуроры Мақсат Қожабаев сотталды

Шымкенттің экс-прокуроры Мақсат Қожабаев сотталды

Шымкенттің экс-прокуроры, әр жылдары антикор төрағасының орынбасары болған Мақсат Қожабаевқа бүгін үкім оқылды. Ол алаяқтық бабы ойынша айыпты деп танылып, бес жарым жыл жаза арқалады. Алайда сотталушының туыстары үкіммен келіспейміз деп байбалам салып отыр.

Сот залында сақшылар көп болды. Олар сотталушыны ғана емес, тіпті судьяны да айнала қоршап тұрды. Мақсат Қожабаев 2021 жылы Шымкент қаласының прокуроры болған кезінде сотталғалы жатқан азаматтың жазасын жеңілдетемін деп қомақты ақша алған. Бірақ бұл әрекеті әшкере болып, биыл қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті қолына кісен салған еді. Ол әр жылдары қаржы полициясын басқарып, талай жыл прокурор болған. Ал 2021 жылдан бастап Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

49 жастағы Мақсат Қожабаев жазасын өтеп шықса да, енді мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторларда жұмыс істей алмайды. Сондай-ақ ол осы күнге дейін алған мемлекеттік наградаларынан да айырылды.

Самиддин Темірәлиев, судья:

Лауазымды тұлғаларға пара беруге айдап салып, аталған қаражаттың, 20 мың АҚШ долларын 2021 жылдың 5 желтоқсанында Шымкент қаласының аумағында, ал қалған 100 мың АҚШ долларын 2022 жылдың 29 қаңтарында Астана қаласында алып, оны ортақ таныстары Әлібаев арқылы Қожабаевқа берген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде