{metadescription}
«Бүркіт» арнайы жасағының сарбазын байқаусызда атып өлтірген
«Бүркіт» арнайы жасағының сарбазын байқаусызда атып өлтірген

«Бүркіт» арнайы жасағының сарбазын байқаусызда атып өлтірген

Петропавлда «Бүркіт» арнайы жасағының сарбазы жұмбақ жағдайда оққа ұшты. Тергеушілердің мәліметінше, 38 жастағы сержантты қаруласы байқаусызда атып өлтірген.

Оқиға кеше болған. Кейбір ақпарат көздері қайғылы жағдай арнайы операция кезінде болған деп жазуда. Бірақ оны әзірге ешкім ресми растамады. Белгілі болғаны, 38 жастағы Виталий Чужиков 6637 әскери бөлімшесінде жүргізуші болып қызмет еткен. Ішінен жараланған сарбазды әріптестері Петропавлдағы ауруханаға өздері жеткізген. Бірақ дәрігерлер оны ажалдан арашалап қала алмаған. Сержанттың өліміне кінәлі деген күдікпен қаруаласы тергеліп жатыр. Бірақ құзырлы органдар Чужиковтың нақты қалай, қандай жағдайда жараланғанын құпия ұстап отыр.

Ержан Қасымжанов, Петропавл гарнизонының әскери прокуроры:

ҚР ҚК 462-бабы 2-бөлігіне қарасты қылмыстық іс басталды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды. Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес қылмыстық іс бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде