{metadescription}
Мейрамхана өрті: Халықтың шағымы еленбей, ақыры апат болды
Мейрамхана өрті: Халықтың шағымы еленбей, ақыры апат болды

Мейрамхана өрті: Халықтың шағымы еленбей, ақыры апат болды

Халықтың шағымы еленбей, ақыры апат болды. Алматыда өткен демалыста мейрамхана өртеніп, от сол маңдағы баспаналарға таралып кете жаздаған. «Бір ажалдан аман қалдық» деген бұқара үйіне тақап тұрғызған дәмхананың сүрілуін талап етіп отыр.

Жұрт нысанның заңсыз салынғанын айтып, бір жарым жыл бойы әкімдіктен бастап, төтеншеліктерге дейін шағымдансақ та, еш нәтиже шықпады деп отыр.

Төтеншеліктердің лапылдап жанып жатқан өртпен арпалысып жатыр. Сенбі күні түнгі 10 жарымнан аса тұтанған өртті мамандар бір сағатта әзер ауыздықтаған. Өйткені мейрамханадағы электр желілері ашық жатып, өрт сөндірушілер біраз әуре-сарсаңға түсіпті.

Ақмарал Ысқақова:

Қорқынышты болды. Ыстың иісінен демала алмай қалдық. Мейрамхананың шатыры лапылдап жанып жатты. Оттың үйімізге өтуіне сәл қалды.

Мейрамханға көршілес орналасқан үйдегі тұрғындардың бұлай шырылдауы да бекер емес. Айтуларынша, ара қашықтық екі метрге де жетпейді. Ал заң бойынша кемі үш метр болуы керек. Жалпы дәмхананың заңсыз салынғанын айтып жұрттың бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Бірақ үнімізге құлақ асқан ешкім болмады деп отыр.

Надежда Саленко:

Осы мейраманамен күресіп жүргенімізге бір жарым жыл болды. Сотқа да бердік, шағымды төтеншеліктер мен мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасына да жаздық. Бірақ еш нәтиже жоқ. Тура осыдан бір ай бұрын төтенше жағдайлар департаменті мейрамханада өрт қауіпсіздігі сақталған деп айтқан. Қала әкіміне де осы мәселені жеткіздік. Тексеріс жүргіземіз деді. Бірақ ешқандай тексеріс болмады. Бір айдан кейін, міне, өрт шығып отыр.

Расымен де тұрғындардың мейрамханаға қарсы шу шығаруы алғаш рет емес. Былтыр құрылысы енді басталғанда жұрт заңсыз екенін айтып наразылық білдірген. Сол кезде әкімдіктегілер құрылыстың ешбір құжатсыз жүріп жатқанын жеткізген. Бірақ уақыт өте рұқсатын беріпті. Өрттен кейін енді өздері берген рұқсат құжаттың күшін жойғысы келіп отыр.

Азамат Тантабаев, Медеу және Түрксіб ауданы құрылысын бақылау бөлімінің бас маманы:

1 қараша 2022 жылы нысан декларатив әдіспен пайдалануға берілген. Қазір «Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы" №750 бұйрығының бұзылуына, сондай-ақ жобадан ауытқу болуына байланысты басқарма рұқсат беру құжаттарының күшін жою үшін Алматы қаласының СМЭС-не арыз берді. Қарау күні белгіленбеген.

Төтеншеліктер осы жазда қауіпсіздік талаптарын сақтамаған нысан иесіне айыппұл салғанын жеткізді. Бірақ кәсіпкер бұған илана қоймаған сыңайлы. Өрттен кейін тексеріс жүргізген мамандар тағы заңбұзушылықты анықтапты. Кәсіпкердің өзі бізбен тілдесуге құлық танытпады. Ғимараттың ішінде адам жүрсе де, сыртқы есігі құлыптаулы, бізді ішіне кіргізбеді. Енді тұрғындардың талабы – көпке кедергі болған дәмхананы сүргізу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде