{metadescription}
Талдықорғандық науқастың бүйрегін ауыстыруға қаражат жетпей жатыр
Талдықорғандық науқастың бүйрегін ауыстыруға қаражат жетпей жатыр

Талдықорғандық науқастың бүйрегін ауыстыруға қаражат жетпей жатыр

Жомарт жандардың көмегіне зәру. Талдықорғандық үш баланың анасы Айжан Тұрлыбекова көпшіліктен көмек сұрайды. Қос бүйрегі жұмыс істемейтін науқас гемодиализбен ғана өмір сүріп жүр. Бірақ дәрігерлер  қанды жасанды жолмен тазартудан да пайда жоқ екенін айтыпты. Сондықтан науқастың дереу бүйрегін ауыстыру қажет. Бірақ оған бұл отбасының қаражаты жоқ.

Нұрхан Оспанқұлова, Айжанның анасы:

Донор табылса , көмек болса деген оймен, сіздерге, қазағым, айтып отырмын. Бір Алланың себебі болып, көмек болса, қызым аман-есенМен өзім донор болғым келіп Астанаға барып тексерістен өттім. Бірақ бүйрегім сәйкес келмеді. Енді қаражат керек. Өзімізге ақша жинау мүмкін емес. Беларуссияда бүйрек ауыстыруға болады екен. Жұртшылықтан көмек сұраймыз.

Айжан ауыр дертке шалдыққанын осыдан сегіз жыл бұрын біліпті . Сол кезде мамандар оның қос бүйрегінен кінәрат тапқан. Гемодиализге таңылып осылай өмір сүре беруге болады деп ойлапты. Тіпті үш баласы үшін барлық ауыртпалықты көтеріп ешкімге сыр білдірмеген. Алайда дәрігерлер донор тауып, бүйректі ауыстыру керектігін айтыпты. Операция құны 34 миллион теңге. Бірақ Айжанның мүгедектігі үшін алатын жәрдемақысы мен таксиде жүрген отағасының табысына күн көріп отырған отбасыда ондай қаражат жоқ.

Аманжол Тұрлыбеков, Айжанның жолдасы:

Мен өзім донор болғым келіп Астанаға барып тексерістен өттім. Бірақ бүйрегім сәйкес келмеді. Енді қаражат керек. Өзімізге ақша жинау мүмкін емес. Беларуссияда бүйрек ауыстыруға болады екен. Жұртшылықтан көмек сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

23 қараша

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде