«Қыз зорлады». Талдықорғанда полиция басқармасының бастығы қамауға алынды
Талдықорғанда полиция басқармасының бастығы қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Кейбір ақпарат құралдары Марат Күштібаевтың 27 жастағы әйелді өзінің жұмыс кабинетінде зорлағанын жазуда. Жәбірленуші қоғамдық тыныштықты бұзғаны үшін полиция бөлімшесіне жеткізілген екен.
Автор: Жаңалық Ахаш
13.11.2023
Осы қылмысқа қатысты тергеуді ішкі істер министрлігі тікелей бақылауға алған. Оқиғаның қайда, қашан болғаны анық айтылмайды. Бірақ 57 жастағы шендіге тағылған айып ауыр. Марат Күштібаев ішкі істер органдарында 34 жыл қызмет атқарған. Талдықорған полиция басқармасын басқарғанға дейін Алматы облысының жергілікті полиция қызметіне жетекшілік етті. Сол кезде Күштібаевтың қарамағындағы қызметкерлерді балағаттап жатқан сәті әлеуметтік желіге тарап, қызметтік тексеріс жүргізілген еді. Соған қарамастан қызметі өскен ол, енді «зорлау» бабы бойынша айыпталуда.
Атығай Арыстанов, Жетісу облысы ПД бастығы:
— Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді. ҚР ҚК 120-бабы, 2-бөлігі зорлау бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайы сараптамаларды тағайындаумен сотқа дейінгі тергеп-тексеруде анықталады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!