{metadescription}
Састөбе цемент зауытындағы жарылыста бір адам өлді
Састөбе цемент зауытындағы жарылыста бір адам өлді

Састөбе цемент зауытындағы жарылыста бір адам өлді

Түркістан облысындағы цемент зауытында жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Тағы екі жұмысшы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Төтенше оқиға өңірдегі Састөбе цемент зауытында болған.

Цемент зауытындағы цехтардың бірінде жарылыс болып, арты алапат өртке ұласқан. Осы кезде кәсіпорында ондаған жұмысшы болыпты. Тілсіз жаудан үш адамды күйік шалып, олар Сайрам ауданы ауруханасына жеткізілген. Бірақ денесін жүз пайыз күйік шалған 52 жастағы жұмысшы көп ұзамай көз жұмды. Тағы екі науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Қаза тапқан азамат пен жарақат алғандар жергілікті тұрғындар.

Қазір цемент зауыты уақытша жұмысын тоқтатты. Ал кәсіпорын басшылары оқыс оқиғаның мән-жайын ашып айта алмады. Жансақтау бөлімінде жатқан 58 және 34 жастағы жұмысшылардың жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер.

Ерғали Әлімбаев, Сайрам ауданы ауруханасының бас дәрігері:

Біреуінде 100 пайыз күйік бар, екіншісінде 70 пайыз. Жағдайы өте ауыр. Өзіміздің дәрігерлер, сонымен қатар Шымкент қаласында орналасқан күйік орталығынан келген реаниматолог дәрігерлермен бірге емдеу тәмсілдерін қолданып жатырмыз. Әзірге жағдайы өте ауыр, ештеңе айта алмаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.