{metadescription}
«Құтсыз қоныс». Алматыда Sensata city тұрғындары уәделі көшені сұрап отыр
«Құтсыз қоныс». Алматыда Sensata city тұрғындары уәделі көшені сұрап отыр

«Құтсыз қоныс». Алматыда Sensata city тұрғындары уәделі көшені сұрап отыр

Жаңа қоныс құтты болмады. Алматыда Sensata city тұрғын үй кешенінің халқы уәде етілген көшенің жасалуын сұрап шу шығарды. Айтуларынша, баспананы сатып аларда бас жоспар басқаша болыпты. Яғни қос қапталынан да жол түсіп, үйіне келіп-кету еш қиындық тудырмайтыны көрсетілген. Бірақ бүгінде жағдай басқаша.

Бір ғана тар жолмен әрең өтетін олар, екінші көшенің тездетіп салынуын талап етеді. Ал ол жекенің меншігінде болып шықты. Не халыққа, не үйді салған құрылыс компаниясына тиесілі емес жер кімдікі?

Жиналған жұртшылықтың Sensata city тұрғын үй кешеніне қоныс аударғанына бір жылдың жүзі болған. Соның өзінде баспаналарының аумағына қатысты мәселе шаш етектен. Яғни үйіне жету үшін айналдырған бір ғана тар жол бар. Оның сиқы осы. Ал уәде етілген екінші көшенің салынуына баз біреулер кедергі жасапты.

Рахима Майкотова:

Көшені «Қазақстрой» сатып алды деп жатыр. Бізге жол салуға кедергі жасап жатыр.Бізде екі-ақ жол. Мына жол мен ана жол өте тар. Сондықтан кеңірек жолды тезірек салып берсе жақсы болатын еді. Мен мүгедекпін. Мына жолмен жедел жәрдем көлігі де жүре алмайды.

«Мына ұзын жол бастапқыда үлкен көше болуы керек еді» дейді жиналғандар. Яғни бір апта бұрын құрылыс жұмысына кіріскен мердігерлерді кенеттен пайда болған жердің жаңа иесі тоқтатып тастапты. Оны естіген тұрғындар енді мүлдем жолсыз қаламыз ба деп алаңдаулы.

Сапаржан Бекмұратов:

Сәбденов, жақтан жаңа өздеріңіз кірген кезде көрдіңіздер. Екі машина қатар сыймайды. Қасымызда мектеп. Оған балалар екі машинаның ортасынан жүгіріп жүреді. Ертең бір баланы басып кетсе кім жауап береді? Халықтың жолы ғой. Оны неге сатып жіберді? Олар ертең зәулім үйлер салады.

Көпшіліктің қазіргі күйі мынау. Дәл осындай көріністен тіпті көлігін алысқа қойып кетуге мәжбүр. Қала берді ми батпақта үйге жаяу жетудің өзі мұң дейді. Бірақ тұрғындар мердігер ұйымға емес, «Қазақстрой» компаниясына өкпеміз қара қазандай дейді.

Руслан Баймұханбетов, мердігер компания басшысының орынбасары:

Біз осыдан бір апта бұрын Алатау көшесіне дейін жолды созу және төсеу бойынша жұмыс бастаған болатынбыз. Бірақ көп ұзамай «Қазақстрой» компаниясының адамдары келіп, құрылысты тоқтатуды талап етті. Техникаларымызды тырп еткізбей қойды. Қолында ешқандай құжат жоқ. Бұл жерге біз тұрғындардың сұрауы бойынша асфальт салып бермекші едік.

«Қазақстрой» компаниясы өзіне тағылған айыппен келіспейді. Яғни бұл жер өзіне тиесілі екенін ресми мәлімдеді. Сол себепті құрылысқа рұқсат бермейміз деп отыр. Мұны Наурызбай ауданы әкімдігі де растады.

Жандос Тәкебаев, Наурызбай ауданы инженерлік және транспорттық инфраструктура бөлімінің басшысы:

"Сенсата групп" өз қаражаты есебінен жол құрылысын бастаған. Бірақ мына учаскелер «Қазақстройдікі». Участоктар бізге Қарасай ауданынан келген. Алматы облысынан. Ол жекеменшік участоктар болған. Бірақ қала бас жоспары бойынша ол жақта болашақта Ұлықбек көшесі болады. Келесі жылы кәдімгідей жобалауға уже кіреді. Бұл учаскелерді тартып ала алмаймыз. Жол Ұлықбек көшесіне түседі.

Осылайша бұл мәселені шешудің жолы біреу не үйді салған құрылыс компаниясы, не әкімдік, ең алдымен жерді меншік иесінен сатып алуға тиіс. Ол үшін тағы бір жылдай уақыт керек дейді атқамінерлер. Өйткені бас жоспар бойынша мұнда жол салу келесі жылы жүргізіледі деп көрсетілген екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.