{metadescription}
Заңсыз құрылыс: Ақтауда бизнес санаттағы таунхаус талқандалды
Заңсыз құрылыс: Ақтауда бизнес санаттағы таунхаус талқандалды

Заңсыз құрылыс: Ақтауда бизнес санаттағы таунхаус талқандалды

Ақтауда заңсыз салынған тұрғын үйлер жаппай сүріліп жатыр. Бұл жолы бизнес санаттағы таунхаус талқандалды. Себебі бұл баспананың құрылысы еш рұқсатсыз жүргізілген.

Дәурен Өтепқали, Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:

- Құжаттарды рәсімдеуге, құрылысты тоқтатуға тиісті нұсқама берілді. Алайда құрылыс салушы тарапынан бұл нұсқама еленген жоқ. Сол себепті бұл заңсыз құрылысты біз сот органдарына бұзу туралы талап арыз жолдадық. Соттың бірінші сатыдағы шешімімен жолданған талап-арыз қанағанттандырылып, содан кейін апелляциялық тұрғыда сот шешімі заңды күшіне енді. Бұл құрылыс ешқандай рұқсатнамасыз салынған.

Заңсыз салынған таунхаус Ақтаудағы «Приморский-1» тұрғын-үй алабында орналасқан. Мердігер құрылыс жұмыстарын бастау үшін ешкімнен рұқсат алмапты. Сондықтан тек қалталы азаматтарға арналған баспана ауыр техниканың көмегімен талқандалды. Осы нысаннан пәтер сатып алғандар ақшасын енді құрылыс компаниясынан даулауы керек.

Айта кетейік, бұл Ақтаудағы бұзылып жатқан алғашқы тұрғын үй емес. Бұған дейін де көп пәтерлі баспана мен қонақ үйдің құрылысы қиратылған. Олар да еш рұқсатсыз салынған.

Бегалы Тұрдыбай, сот орындаушысы:

Бүгінгі күні сот шешімі заңды күшіне енді. Бүгінгі күнге дейін борышкер тарапынан құрылыс нысаны өз еркімен бұзылған жоқ. Сол себепті құзырлы органдармен бірлесе отырып, заңсыз салынған құрылыс нысанын мәжбүрлі бұзу шаралары жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде