{metadescription}
Зауыт жарылысынан жарақат алған жұмысшы санавиациямен Шымкентке жеткізілді
Зауыт жарылысынан жарақат алған жұмысшы санавиациямен Шымкентке жеткізілді

Зауыт жарылысынан жарақат алған жұмысшы санавиациямен Шымкентке жеткізілді

Түркістан облысындағы цемент зауытында болған жарылыстан ауыр жарақат алған бір науқас санавиациямен Шымкентке жеткізілді. Денесінің 70 пайызын күйік шалған 34 жастағы жұмысшы оттегімен емдеу мекемесіне жатқызылды.

Ал денесін 100 пайыз жалын шарпыған екінші азамат Сайрам ауданы ауруханасында қалды. Өйткені өлім мен өмір арасында жатқан 58 жастағы азаматты қозғауға болмайды дейді дәрігерлер.

Еске салсақ, Састөбе ауылындағы цемент зауытында дүйсенбі күні жарылыс болған. Апат кезінде кәсіпорында оншақты жұмысшы болыпты. Соңы өртке ұласқан жарылыстан үш жұмысшы оңбай күйіп қалды. 52 жастағы Константин Боуш ауруханаға жете сала көз жұмды. Қалған екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқыс оқиғадан кейін зауыттың жұмысы уақытша тоқтатылды. Қазір құзырлы органдар бір баппен іс қозғап, жарылыстың себеп-салдарын тергеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде